-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    2024 жылғы шомылу маусымы: Құтқару қызметі қалай жұмыс істеді?

    01.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    2024 жылғы шомылу маусымы: Құтқару қызметі қалай жұмыс істеді?
    0
    SHARES
    33
    VIEWS

    Шомылу маусымында Алматы облысында судағы қауіпсіздік шараларының нәтижелері айтарлықтай жақсарды. Өңірдегі су айдындарында адамдардың қаза болуын азайту мақсатында кең ауқымды жұмыстар атқарылып, бақылау күшейтілді. Бұл туралы Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, аға лейтенант Дидар Асқарбекұлы мәлімдеді.

    Оның айтуынша, биылғы маусымда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында”Су айдындарындағы қауіпсіздік шараларының жоспары” қабылданып, тәулік бойы бақылау және арнайы рейдтер ұйымдастырылды. Құтқару қызметтеріне волонтерлер мен әскери бөлімшелер де белсене қатысқан.

    2024 жылғы шомылу маусымында суға батып қаза болғандар саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір азайды. Биыл 14 адам суға батса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 18 адамды құраған еді. Ерекше қуантарлық жайт – биыл балалардың суға бату оқиғалары тіркелмеген.

    Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шомылуға рұқсат етілген орындардың саны да едәуір артты. 2023 жылы тек 7 орын рұқсат етілсе, биыл олардың саны 103-ке жетті. Оның ішінде 7 коммуналдық және 96 жеке жағажай қызмет көрсетуде.

    Дидар Асқарбекұлының айтуынша,адамдардың суда қаза болуының басты себептері – алкогольдік ішімдіктерді қолдану және түнгі уақытта шомылу. Бұл екі фактор шомылушылардың өміріне елеулі қауіп төндіреді.

    Сонымен қатар, жағажай аймақтарын бақылау кезінде дрондарды пайдалану өз тиімділігін дәлелдегені атап өтілді.

    “Дрон бірнеше шақырым жағалауды бақылауға мүмкіндік береді, бұл бір адамның немесе құтқару командасының қолынан келмейтін жұмыс. Бұл өте жақсы тәжірибе, және біз оны одан әрі дамытуды жоспарлап отырмыз. Дрондардың санын көбейтіп, олардың ұшуын аэронавигациялық қызметтермен келісу процесін оңтайландыруды көздеп отырмыз,”– деді Дидар Асқарбекұлы.

    Сондай-ақ, құтқару қызметтерін жетілдіру мақсатында жаңа құтқару стансасы мен 4 мобильді құтқару бекеті салынып, оларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар облыстық орталықты дамыту жоспары аясында жүзеге асырылмақ.

    Ұсынымдар

    Заңғар тұлғаны еске алды

    Заңғар тұлғаны еске алды

    4 months ago
    Балалардың көбі қысым көргенде не істеу керегін білмейді – “AMANAT”

    Балалардың көбі қысым көргенде не істеу керегін білмейді – “AMANAT”

    1 year ago
    Қайраткер атындағы қарашаңырақ

    Қайраткер атындағы қарашаңырақ

    6 months ago
    Бурабайда Ұлттық құрылтайдың «Білім және ғылым» атты үшінші секциясы өтті

    Бурабайда Ұлттық құрылтайдың «Білім және ғылым» атты үшінші секциясы өтті

    2 months ago
    Алматы облысы: Мәжілісмендер азаматтарды қабылдайды

    Алматы облысы: Мәжілісмендер азаматтарды қабылдайды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>