-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алғашқы әкім

    24.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Алғашқы әкім
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

           Республика күні мерекесі аталған сайын әкеміз ойға оралады. Абыхан Жексембеков ­Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Түрген ауылдық округінің алғашқы әкімі болды. Атауы жаңарған бұл қызметтің атқаратын міндеті өте зор еді. Кешегі кеңшар директорының, ауылдық кеңес төрағасының, бастауыш партия комитеті жетекшісінің істейтін жұмыстары түгелдей бір адамның мойнына жүктелді. Адамдарды жаңа қарым-қатынастарға бейімдеді. Сонымен бірге, бюджет тапшылығын бастан кешірді.

    Сол бір сәттерде аудан мен облыс билігі аумақ жұртының тізгінін ұстай алатын білікті тұлғаны іздеді. Түрген жұртшылығымен ақылдасып, пікірлерін тыңдады. Қазақтар ғана емес, осындағы көп ұлттың өкілдері де Абыхан Жексембековтің кандидатурасын бірауыздан қолдады. Сайып келгенде, олар басшы таңдауда қателескен жоқ.
    Біріншіден, Абыхан Жексембекұлы – осы өңірдің тумасы. Елін де, жерін де жақсы біледі. Тұрғындардың барлығына жұғымды және іскер. Білігі мықты, танымы терең.
    Екіншіден, өмірдің талқысында шыңдалған. Бала кезінен еңбекке араласып, ерте есейді. Екінші дүниежүзілік соғыстың бел ортасында жүрді. Күйреген халық шаруашылығын қалыпқа келтіруге үлесін қосты. Өзі қызмет істеген кеңшардың табыстарға жетуі үшін тер төкті. Жоғары білім алып, мамандығын үздік меңгерген айтулы кадрлардың санатына қосылды.
    Үшіншіден, кеңестік кезеңнің біржақты талабына қарамастан ұлттық танымнан адасқан жоқ. Әкелерінен алған тәрбиені ұрпақтарына өнегеледі. Намыстың туын биік көтеруді көздеді.
    Осындай ерекшеліктердің бәрі бірігіп, Абыхан Жексембековтің жағымды бейнесін қалыптастырды. Ол кісі әкім екенмін деп кеңседе шалқайып отырған жоқ. Халықпен бірге жүруді жақсы көретін. Қызметкерлерін де осыған дағдыландырды. Түргендегі әрбір отбасының тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын бес саусағындай білді. Кешегі еңбеккерлердің заманауи шаруа қожалығына айналғанын тіледі. Оларға көмек көрсетті. Құнарлы алқаптар мен суармалы жерлердің адамдарға тең бөлінуін қамтамасыз етті. Әділетті шешімдерінің арқасында кооперативтің де негізін қалады. Жерлестері ол туралы әлі күнге дейін ризашылықпен әңгімелейді.
    Түргенде қазақ мектебінің жоқтығы әкемді қатты толғандыратын. Бұл түйінді шешу үшін барын салды. Бармаған жері, қақпаған есігі қалмады. Қараусыз қалған кәсіптік-техникалық училищенің ғимаратын өз күштерімен жөндегендері ерлік еді. Оған қаражат табу үшін қоғамдық қор құрды. Ұлт жанашырларын ортақ мақсатқа жұмылдырды. Атамыз қазақ асар жасауды бекерге ойлап таппаған екен. Нәтижесінде қазақ мектебі алғашқы оқушыларын қабылдап, Түргеннің жаңалығы мен тәжірибесі облыс тұрмақ, республикаға тарағаны әлі есімде. Қазір шаңырағын өзі көтерген мектеп әкеміздің есімімен аталады.
    Әкем ұйымдастырған халықтық шаралар мұнымен шектелген жоқ. Орыс мектебінің атауын ауыстырып, оған Дінмұхамед Қонаевтың есімін бергізді. Бұл бастаманы түргендіктер қолдады. Мектепте өткен салтанатқа Дінмұхамед Ахметұлының өзін шақырып, жұртпен жүздестірді. Айта берсем, әкеге қатысты жарқын мысалдар өте көп.
    Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы мұғалім» деген хикаятын қызыға оқушы едім. Енді өз әкем де «Алғашқы әкім» болып түргендіктердің есінде қалды.

    Венера Жексембекова,
    Мемлекет тарихы институты еуразиялық және саяси-зерттеу ­бөлімінің басшысы, саяси ғылымдардың докторы, профессор

    Ұсынымдар

    Алғыс арқалады

    Алғыс арқалады

    6 months ago
    Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау науқаны өтті

    Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау науқаны өтті

    2 years ago
    Энергия тапшылығы сезілуде

    Энергия тапшылығы сезілуде

    8 months ago
    ОТБАСЫ ҚУАНЫШЫ

    ОТБАСЫ ҚУАНЫШЫ

    2 months ago
    «URKER» – 2023 ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды

    «URKER» – 2023 ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>