-13 °c
Qonaev
Thursday, June 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Exit poll: дауыс бергендердің 69,8 пайызы АЭС салуды қолдаған

    07.10.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Бұл шара – бұрынғылардан өзгерек
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Exit poll нәтижесінде қазақстандықтардың 69,8 пайызы референдумда АЭС құрылысын қолдап дауыс берді.

    Атап айтқанда, «Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қоры «Хабар» агенттігінің тапсырысы аясында АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс беру күні exit poll (референдум учаскелерінен шыққан азаматтар арасында сауалнама) өткізді.

    «Үздіксіз ағын әдістемесінің көмегімен Қазақстанның 189 учаскесінде дауыс берген 283 519 азамат қамтылды. Олардан референдум аясында қойылған “Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа қалай жауап бергені сұралды. Бұл ретте, exit poll нәтижесінде АЭС құрылысын қолдап, «иә» деп дауыс бергендер саны сауалнамаға қатысқан адамдардың 69,8 пайызын құрады. Сауалнамаға қатысқандардың 30,2 пайызы келісімін бермеген. Учаскелерге келу көрсеткіші 67,3 пайыз деңгейінде тіркелді», – деді «Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қорының талдаушысы Әлібек Тәжібаев.

    Оның айтуынша, деректердің қателегі шамамен 1,5 пайыз деңгейінде.

    Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді.

    6 қазанда ел бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс беру басталды.

    1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы.

    Айта кетейік, 20:00-дегі жағдай бойынша 7 820 918 азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 63,87 пайызы.

    Ұсынымдар

    Тасқын болған аймақтарда қалпына келтіру жұмыстары басталады

    Тасқын болған аймақтарда қалпына келтіру жұмыстары басталады

    1 year ago
    Сәлем – сөздің анасы

    Сәлем – сөздің анасы

    8 months ago
    Қонаев әкімі референдумда дауыс берді

    Қонаев әкімі референдумда дауыс берді

    9 months ago
    Премьер-министр Әлихан Смайылов өз қызметіне қайта тағайындалды

    2025 жылдан бастап аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайланады

    2 years ago
    Президент су тасқынына байланысты шұғыл жиын өткізді

    Президент су тасқынына байланысты шұғыл жиын өткізді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.