-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өнер – бірлікке бастайды

    28.10.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Өнер – бірлікке бастайды
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қолдауымен аймақта «Ауылым – алтын бесігім» атты аудандар мен қалалардың Мәдениет күндері өтіп жатыр. Талғар ауданының тұрғындары да бұл игі шараны  ерекше атап өтті. Аудандық Мәдениет үйінің жанында ақшаңқан үйлер тігіліп, қонақжай қазақ халқының мол дастарқанын, ұлттық өнері мен жасымас жігер, өшпес рухын көрсететін әртүрлі көрме ұйымдастырылды.

    Таң азаннан естіліп, делебеңді қоздырып, рухыңды көтеретін ән-күйлер, ұлттық қолөнер бұйымдары, саятшылық құралдары, көркем суреттер мен шығармалар жұртшылық назарына ұсынылды. Шара кезінде өңірде жұмыс істейтін этномәдени орталықтар да өздерінің ұлттық ерекшеліктерін паш етті. Оны көрген әрбір жан бейбіт өмір мен тату тірліктің кім үшін де үлкен қуаныш, шын бақыт екенін сезінгені анық.

    Өнер ордасының алдында Белбұлақ ауылындағы «Нұр өнер» мектебінің Тілеміс Құрманғали жетекшілік ететін домбырашылар ансамблі шараға қатысушыларды күмбірлеген күймен қарсы алып, көңілдерін көтерді. Ал Еңбекшіқазақ ауданындағы Асысаға ауылының тұрғыны Алдаберген Шәріпов бұл шараға өзінің бүркіті мен тазысын алып келіпті. Облыс атынан  республикалық, халықаралық бүркітшілер сайысына қатысып, жүлделі орындар алып жүрген Алдаберген ағамызға төл өнеріміздің тоқырап қалмай, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, одан әрі дамуы жолында сәттілік тіледік.

    Талғар ауданы Ақтас ауылында тұратын Бейбіткүл Қасымбекова көрмеге өзі қолдан жасаған зергерлік бұйымдарын – шашбау, шолпы, сақина, жүзік, алқаларын ұсынды.  Оның айтуынша, бұл бұйымдарға сұраныс өте жоғары және оларды жасау –  отбасылық кәсіптің негізі екен.

    Шараға келген жұрт жергілікті суретшілер мен жазушылардың туындыларымен де кеңінен танысты. Оларды көріп: «Осының бәрін біздің қарапайым жерлестеріміз өз қолымен жасаған ба, шынымен де біз тұратын Талғарда өнерін елге танытуға тұрарлық талантты жандар көп екен-ау!» – деп таңданғандар аз болмады.

    Түріктердің билері де ешкімді бей-жай қалдырған жоқ.  Ал Жанна Третьяк бастаған Беларус мәдени орталығының өкілдері иісі мұрын жаратын ұннан дайындалған нан түрлері мен тәттілерді дастарқанға қойыпты. Ұйғыр ағайындар ұсынған лаваш, шөрек нан мен ұннан пісірілген басқа да ұлттық тағамдар көздің жауын алады. Ұлттық аспапта орындалған көңілді ұйғыр биі де көпшіліктің көңілін баурап алды.  Корей мәдени орталығының шатыры да көркем безендіріліпті.

    Ал жергілікті таланттар туындыларының нағыз көрмесі Мәдениет үйінің фойесінде ұйымдастырылыпты. Бұл жерде жас суретші Ғалымжан Сатанбековтің Отан, табиғат, махаббат жайындағы картиналары қойылған. Сондай-ақ жергілікті ақын Николай Зайцевтің жыр жинақтары және басқа шығармаларымен танысуға болады. Сонымен бірге шараға жиналған жұрт Әділхан Қабылов жетекшілік ететін қуыршақ театрының шағын спектаклін тамашалады. Аудандық кітапхана мен тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері де  кітап көрмесін ұсынып, үлкен тарихи құндылыққа ие қызықты экспонаттар көрсетті.

    Мәдениет үйінде өткен салтанатты шарада облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев сөз алып, Талғар тұрғындары мен қазылар алқасын құттықтады.  Ол аталмыш шараның ұйымдастырылуын жоғары бағалап, оның халқымызды рухани тәрбиелеу тұрғысынан аса маңызды екенін атап өтті.

    Шара соңында қонақтар мен қатысушыларға «Әжелер шуағы» ұлттық ансамблі және ардагерлер хорының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Көрермендер халық арасынан шыққан аға буын өкілдерінің өнеріне дән риза болып, ду қол соқты.

    Жиналған жұртты қазақ халқы мен ауданды мекен еткен әртүрлі этнос өкілдерінің салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық өнері және жергілікті тұрғындар арасынан шыққан таланттармен таныстырып, бірлік пен татулықты дәріптеген шара өте мазмұнды өтті.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ,

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Халықтық штаб мүшелерінің кездесуі Қараойда жалғасты

    АЭС бойынша түсіндіру жұмыстары №24 лицейде жалғасын тапты

    8 months ago
    Қапшағай су қоймасы

    Әкім: Алматы облысында 2 үрмелі канал салу керек

    2 years ago
    Алматы облысында папиллома вирусына қарсы 30 мың вакцина алынады

    Алматы облысында папиллома вирусына қарсы 30 мың вакцина алынады

    1 year ago
    Кегенде ірі қара мал басы 87 пайызға өсті

    Кегенде ірі қара мал басы 87 пайызға өсті

    1 year ago
    Жаңа жағажай ашылады

    Жаңа жағажай ашылады

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>