-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Қаламгерге құрмет

    24.10.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Қаламгерге құрмет
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Күні кеше Қаскелең қаласындағы «Қарлығаш» шағын ауданында  жаңадан пайдалануға берілген мектеп-гимназияға балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың есімі берілгенін естіп, қуанған едік. Енді сол мектепте қаламгерге арналған мұражайдың ашылғаны туралы сүйінші хабар келіп жетті. Мұражайдың ашылуына арналған салтанатты шараға жазушының қарындасы Несіпхан Аманбаева, ауданның қадірменді азаматтары мен ұлағатты ұстаздар қатысты.

    Өскедең ұрпақты елімізде балалар әдебиетін қалыптастыруға сүбелі үлес қосқан классик-жазушының  балалық және жастық шағымен таныстыру, олардың әдебиетке деген қызығушылығын оятып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, жастардың бойына адамгершілік, ізгілік қасиеттерін сіңіру мақсатында өткізілген «Балалық шаққа саяхат» атты әдеби-сазды кеш қаламгерге арналған мұражайдың ашылуымен басталған болатын.

    Салтанатты рәсімді атқару кештің қадірменді қонағы Несіпхан Аманбаева мен аудандық білім бөлімінің басшысы Әсел Еркімбаеваға жүктелді. Мұражайдың лентасы қиылғаннан кейін ақ жаулықты әжелер еліміздің ежелгі дәстүрі бойынша шашу шашып, қуанышты сәттің салмағын еселей түскен. Осыдан кейін қонақтар мұражай ішіне кіріп, онда қойылған құнды жәдігерлермен,  жазушының өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беретін фотосуреттермен танысты.

    Осыдан кейін салтанатты шара  арнайы жасақталған жиынжайда жалғасын тапты. Бірінші болып сөз алған білім шаңырағының директоры Қорлан Тұрсынова Бкрдібек Соқпақбаевтың қазақ әдебетіне қосқан үлесі жайлы айта келіп,  жазушының әңгіме, повесть,  романдары және пьессаларында балалық шаққа саяхат жасап,  сол бал дәурен шақты тамсандыра, таңдандыра қағазға түсіргені жайлы баяндады.

    Бұл кеште жиылған жұртшылық жазушының өлең өркесіне де өзіндік өрнек салғанын танып-білді:

    Жазып та көрдім мен де өлең,

    Жазып та көрдім қара сөз.

    Ерте ме, кеш пе, мен де өлем,

    Өлмейді тек дана сөз!

    Немесе:

    Өлеңде мінезі бар жас баланың,

    Жылатып алам ба деп жасқанамын.

    Өлең – нәзік шегіндей домбыраның,

    Үзіп алса үлкені масқараның.

    Бұрқыратып өлеңді жазып тастап,

    Жастық етіп жасырын жастанамын. – деген жолдар қаламгердің ақындық қарымын аңғартса керек. Иә, осы себепті де мектеп оқушылары өлеңді мәнерлеп оқуға ден қойған екен.  Жас бүлдіршіндер  өлең оқып, тағы бір тосынсый жасады.

    Енді бір сәтте салтанатты жиынға қатысушылар Бердібек Соқпақбаевтың қарындасы Несіпхан  апайға даңқты ағасына қатысты сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауап алды. Жас жеткіншектерді ағасының қаламгерлікке келу жолы, оның отбасы, жазушының сүйіп атқаратын шаруалары,  алғашқы туындыларын кім оқығаны, жары мен балаларына қатысты тірліктері қызықтырады екен.

    Бердібек туралы сөз қозғалғанда оның кейіпкері – Қожа туралы әңгіменің алдымен қозғалатыны ақиқат. Бұл жолы да кеш барысында «Менің атым Қожа» фильмінен кесінділер көрсетіліп, романнан үзінділер оқылды. Жазушының өз кейіпкеріне қатты ұқсайтыны, оның да ауылдың қарасирақ баласы болып, түрлі оқиғаларды басынан кешіргені  айтылды. Ал, мектептің драмалық  үйірмесіне қатысушылар  шығарманы сахналап,  Қожаның қызықты қылықтарын тағы бір көрермен назарына тарту етті.

    Әрине, әдеби-сазды кешке білім шаңырағының өнерпаздары да өз үлестерін қосып баққан.  Мұнда мың бұрала билеген бишілер мен әуелете ән салған әншілер сахна сәнін келтіріп, кештің шырайын аша түскен. Соңынан мәртебелі мейманға сый-сияпат көрсетіліп, артына өлмейтін мұра қалджырған балалар әдебиетінің бәитерегі – Бердібек Соқпақбаевтың рухын асқақтатты.

    Қуат Қайранбаев,

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Жасыл желекке оранады

    Жасыл желекке оранады

    1 year ago
    “Алтын адам” маңы абаттандырылды

    “Алтын адам” маңы абаттандырылды

    1 year ago
    Ауырып ем іздегенше… екпе салдыр

    Ауырып ем іздегенше… екпе салдыр

    2 years ago
    «Азаматтарға арналған үкіметтің» құрылғанына 8 жыл толды

    Қонаев қаласында ХҚКО жаңғыртылды

    11 months ago
    Қарасаздың қойнында қала бар ма?

    Қарасаздың қойнында қала бар ма?

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>