-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қарияларға құрмет

    03.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Қарияларға құрмет
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

            Халықаралық қарттар күніне орай, облыс орталығындағы «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қарамағындағы қызмет алушыларға арнап мерекелік шара өткізді. Бүгінде мұнда 116 адамға қызмет көрсетілсе, оның 82-сі зейнеткер, 34-і – мүмкіндігі шектеулі азамат, бұл қатарда 2 Ауған соғысының ардагері бар.

    Мерейлі күні «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Алматы және Жетісу облыстарының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бірлесе ұйымдастырған шара қарияларымыздың қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін құрметтеу, олардың мәселелері мен қажеттіліктеріне және өмір сапасын арттыруға назар аудару әрі қамқор болуды көздейді. Қала әкімі мен қалалық мәслихат төрағасының құттықтау сөздерінен кейін ақ самайлы қарияларға арналған концерт басталып кетті.
    Вальс королі Шәмшінің әнінен кейін алғашқы құттықтау сөз Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановқа берілді. Ол өз кезегінде Қонаев қалалық аналар кеңесінің төрайымы Дәметкен Нүсіпбековаға, облыстық Ауған соғысы ардагерлер ұйымының төрағасы Қанат Молдабергеновке, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-нің Қонаев қалалық филиалының төрағасы Базарбай Оралбаевқа, Қонаев қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бейсетай Қашақбаевқа марапаттар табыстады.
    Өскелең ұрпақ үшін әр салада өзіндік қолтаңбасын қалдырған көнекөз қарияларымыздың орны ерекше екенін ескере отырып, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ержан Байқоныс, Алматы және Жетісу облыстары МКҚБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Айбек Шайғазиев, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Беспаев, қалалық мәслихат аппаратының басшысы Серік Нұрқадыров, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов және басқалар ақ самайлы ақсақалдар мен әжелерге ізгі тілектерін жеткізді.
    Орталық қызметін пайдалану­шылардың қуанышы құрметіне «Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Маханов, эстрада жұлдызы Алтынбек Тәшімбетов, сондай-ақ мамандан­дырылған күзет қызметі басқармасының 2-полиция батальоны қызметкерлерінің өнерпаздар құрамасы әсем ән мен тәтті күй тарту етті.
    Салтанатты шара соңын «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Ержан Әбдіразақов қорытынды сөзбен түйіндеп, орталықтағы қызмет алушыларды мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.
    Мерекелік кеш мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 2-полиция батальоны қызметкерлерінің өнерпаздары хорының орындауындағы Ғафу Қайырбековтің сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтің «Ана туралы жыр» әнімен тәмамдалды.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Қазақстандықтардың басым көпшілігі бүйрекке мұқтаж – маман

    Қазақстандықтардың басым көпшілігі бүйрекке мұқтаж – маман

    7 months ago
    Ардагерлерге құрмет көрсетті

    80 жылдық Ұлы Жеңіс қарсаңында – жүрекке жол тартқан тағзым

    2 months ago
    Ұстаз жолы – ұлағат

    Ұстаз жолы – ұлағат

    9 months ago
    Экология министрі Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

    Экология министрі Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

    2 years ago
    ІІМ журналисті тінтудің жай-жапсарын түсіндірді

    ІІМ журналисті тінтудің жай-жапсарын түсіндірді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.