⛅
14°C
Қонаев
Бейсенбі, Қыркүйек 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қонаев мектептеріне жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылды

    18.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Жоғары технология
    Қонаев мектептеріне жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылды
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Цифрлық технологиялар басқармасының өкілдері өңірдегі цифрландыру жобалары мен Alatau Hub аймақтық технопаркінің маңызы туралы баяндады.

    Цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Димаш Шапатайдың айтуынша, Қонаев қаласында білім беру мекемелерінің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп, бірнеше маңызды жоба іске асырылуда.

    “Қаладағы 17 мектепке GSM жүйесіне негізделген хабарландыру жүйесі орнатылды. Бұл жүйе төтенше жағдайлар кезінде автоматты түрде 109 қызметіне және жедел жәрдемге хабарлама жібереді. Осылайша, мектептердің қауіпсіздік деңгейі артып, шұғыл қызметтердің жедел әрекет етуі қамтамасыз етіледі”- деп атап өтті Димаш Шапатай.

    Сонымен қатар, қаладағы тұрмыстық қалдықтарды басқару процесі де цифрлық шешімдер арқылы жетілдірілуде. Қонаев қаласындағы 99 қоқыс орнына QR-кодтар орнатылып, тұрғындар оларды сканерлеп, қоқыс шығару мәселелері бойынша жылдам хабарлама жібере алады.

    Қазіргі таңда Smart Qonaev мобильді қосымшасы қолданысқа берілді. Бұл қосымша арқылы қала тұрғындары маңызды жаңалықтар мен шаралар туралы ақпарат алып, әкімнің жеке қабылдауына электронды түрде жазыла алады. Осылайша, цифрлық технологиялар қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

    Сондай-ақ, аймақтағы инновациялық экожүйенің дамуына ықпал ететін Alatau Hub аймақтық технопаркі де өз жұмысын жалғастыруда. Аймақтық менеджер Бексұлтан Нұрақынның айтуынша, орталық IT саласындағы мамандар, стартаптар және инвесторлар үшін маңызды алаңға айналып, өңірде жаңа технологиялар мен жобаларды дамытуға септігін тигізіп отыр.

    “Alatau Hub-тың мақсаты – өңірде мықты IT-қоғамдастықты қалыптастыру. Қысқа мерзім ішінде біз 19-дан астам іс-шара ұйымдастырып, оған 400-ден астам адам қатысты. Жақында біздің хабқа Arbuz.kz, 1fit, PCA Group, Jusan сияқты жетекші компаниялардың өкілдері келді”, -деп мәлімдеді Бексұлтан Нұрақын.

    Ұсынымдар

    ТЖМ жүйесіндегі еріктілер мен волонтёрлердің рөлі

    ТЖМ жүйесіндегі еріктілер мен волонтёрлердің рөлі

    4 months ago
    Аударыспақтан Азия чемпионаты басталды

    Аударыспақтан Азия чемпионаты басталды

    5 months ago
    Өлеңмен өрілген

    Өлеңмен өрілген

    6 months ago
    Ирригация және дренаж жүйелерін жаңғырту мәселесі талқыланды

    Ирригация және дренаж жүйелерін жаңғырту мәселесі талқыланды

    2 years ago
    Жеті облыста 3745 үйді су басты

    Жеті облыста 3745 үйді су басты

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>