Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қонаевта 150 адам үйден дауыс берді

Қонаевта 150 адам үйден дауыс берді

8 қаралым

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында мүгедектігі бар 1088 адам тіркелген. Ал референдум учаскесіне бара алмайтын жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар 150 адамнан үйден дауыс беруге өтініш түскен.

Соның бірі — жасы 80-нен асқан Грищенко Лидия Федоровна. 1941 жылы дүниеге келген қария қаладағы 2-шағынауданда тұрады.

«Қартайған шағымда да қоғам өміріне белсене атсалысқым келді. Сондықтан үйден дауыс беруге өтініш білдірдім. Референдум – маңызды оқиғаның бірі. Дауыс беру – азаматтық парызымыз», — деді әжей.

5 баланы өсіріп, жеткізген әже бала-шағасы да түгел дауыс бергенін атап өтті.