⛅
16°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 9, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында колонияға тыйым салынған зат кіргізбек болған азамат ұсталды

    23.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Алматы облысында колонияға тыйым салынған зат кіргізбек болған азамат ұсталды
    0
    SHARES
    17
    VIEWS

    Заречный кентінде темір торға тыйым салынған затты алып өтпекші болған тағы бір заң бұзушылықтың жолы кесілді.

    Оқиға Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қауіпсіздігі жоғары №12 мекемесінде болған.

    Көлікті бақылап-тексеру пунктінің кезекшісі ефрейтор Дулат Айтмұхамбетов мекеме қызметкерлерімен бірлесіп бақылау-өткізу пунктінде ЛДСП материалдары мен сырлауға арналған ауа компрессорын алып келген Daimler Chrysler автокөлікті тексерген. Тексеру барысында компрессордың целлофанмен оралғаны күдік туғызған. Ефрейтор Д.Айтмұхамбетов компрессорды рентген арқылы өткізіп, оның ішінде күдікті заттар барын анықтайды. Бұдан кейін компрессор арнайы аппаратпен кесіліп, ішінен скотчпен оралған 29 дана түйіншек, 2 дана қуаттау құрылғы, 3 дана телефон, 2 дана сим карта, 1 литр белгісіз сұйық зат алынған.

    Мекеме қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қырағылығы нәтижесінде күдіктінің жымысқы әрекеті жүзеге асқан жоқ. Қырағы көз қызметкерлер мұның өзін мүлт жібермей, дер кезінде анықтаған.

    Осы дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481 бабына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен бастапқы материалдар жиналып, одан әрі шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

    ҚР ҰҰ «Оңтүстік» өңірлік 

    қолбасшылығының 

    баспасөз қызметі

    Соңғы жаңалықтар

    Құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр, Мәжіліс Парламентінің вице-спикері Дания Еспаева, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев білдірді
    09.04.2026
    Бас Прокурор Берік Асыловтың форум ашылуында айтқан сөзі
    09.04.2026
    Бас прокуратурада Берік Асыловтың төрағалығымен отандық және шетелдік инвесторлар өкілдерінің қатысуымен инвестицияларды қорғау жөніндегі форум басталды
    09.04.2026
    Төрт тілде сөйлейтін шекарашы
    09.04.2026
    Қазақстан мен өңірдегі 150-ден астам ұйымның топ-менеджерлері Stanford University HAI профессорлары мен OpenAI Academy сарапшыларынан ЖИ бойынша білім алады
    09.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>