🌫️
-2°C
Қонаев
Сенбі, Ақпан 7, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Байланыс нығаяды

    18.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Саясат
    Байланыс нығаяды
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

          Иран Ислам Респуб­ликасының Алматы қала­сындағы Бас консулы Мохсен Фагани облысқа жұмыс сапарымен келді. Иран Елшілігінің өкілімен облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев кездесті.

    Қонақты жарқын жүзбен қарсы алған Рустам Маратұлы мемлекет­аралық келісімнің екі елдің өзара тығыз қарым-қатынас орнатуына алғышарт болып отырғанын, жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иран Президентін сайла­нуымен құттықтағанын атап өтті. Сонымен қатар облыстың бүгінгі дамуы жайлы баяндап, қай салаға инвестиция тартуға мүмкіндік бар екені­не мейманның назарын аударды. 2020 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 160 млн, 2021 жылы 440 млн доллар болғанын, алдағы уақытта мұны 530 млн долларға жеткізу көзделіп отырғанын тілге тиек етті.
    Өз кезегінде Мохсен Фагани жылы қабылдағаны үшін Рустам Маратұлына алғыс білдіріп, Тәуелсіздік күнімен және келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Парсы тілін дамытудың маңыздылығына тоқтал­ған Бас консул осы бағытта еліміз­дегі жоғары оқу орындарындағы студенттермен келісім жасалып жат­қанын айтты. Алматы облысында Иран тарапынан трактор жасау зауытын салу жайлы ұсыныс білдірді. 2000-нан астам өнім түрін ұсынатын «Solico Group» компаниясының өңірде сүт зауытын салуды қолға алғанын, бұл кәсіпорынның әлем бойынша 30 қалада кеңсесі бар екенін атап өтті.
    Басқосу барысында екі ел арасын­дағы 32 жыл толып отырған байла­нысты әрі қарай нығайту жайы және Алматы облысы мен Иран арасын­дағы негізгі жетістіктер мен жобалар талқыланды. Саяси, мәдени, тарихи, экономикалық байланыстарды кеңейту және ғылым, білім беру бағытындағы ынтымақтастық, картоп өңдеу зауы­тының жобасы туралы сөз болды. Сондай-ақ әуе байланысын жақсарту жайы айтылды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    «Таза Қазақстан»: Алматы облысында 68 мың түп ағаш отырғызылды

    «Таза Қазақстан»: Алматы облысында 68 мың түп ағаш отырғызылды

    12 months ago
    Қайта түлеген халық театры

    Қайта түлеген халық театры

    1 year ago
    Кемшілікке кеңшілік жоқ

    Кемшілікке кеңшілік жоқ

    3 months ago
    Жақсының аты өлмейді

    Жақсының аты өлмейді

    2 years ago
    Шекара шебінде

    Шекара шебінде

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>