-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мемлекеттік қызметкерлер ән шырқады

    27.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Мемлекеттік қызметкерлер ән шырқады
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Еңбекшіқазақ ауданында «Екі жұлдыз» байқауы мәресіне жетті. Жоба ерекшелігі – кәсіби әншілерге мемлекеттік қызметкерлер жұп болып, көпшілікке жаңа қырынан танылды. Әуелеген әуен мен күмбірлеген күй көрермен көңілін шалқытты.

    Аудан әкімдігі, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен аудандық Мәдениет үйінің ұжымы ұйымдастырған байқауда әр салада жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлер жанды дауыста ән салып, өнерден құралақан еместігін көрсетті.

    «Екі жұлдыз» жобасында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайсар Асқарұлын жаңа қырынан таныдық. Ол Мәдениет үйінің жас әншісі, талапты ұстаз Сымбат Шахаевамен бірге Б.Серкебаев пен түрік әншісі Мустафа Сандалдың туындыларын ойдағыдай орындады. Полиция қызметкері  Әлішер Қолқанов та сегіз қырлы, бір сырлы екен. Ауданның талантты әнші қызы Балжан Алтаймен дуэт болып, «Алло» әнін шырқағанда Ерке пен Төреғалидан еш кем түспеді.

    Аудандық көпсалалы орталық аурухана қызметкерлері олардан қалыс қалған жоқ. Ақ халатты абзал жан, онколог-дәрігер Ербосын Сембаев кәсіби өнерпаз Арман Ыдырысовпен жұптасып ән салғанда, залға жиналған көрермен ерекше ықылас танытты. Хирург Жанас Оралбаевтың әншілігі де баршаны сүйіндірді. Ал Өрікті ауылының дәрігерлік амбулаториясында жұмыс істейтін медбике Жұлдыз Ержанова Мәдениет үйінің әншісі Мейіржан Тәттімбекпен бірге ретро әндерді орындап, сахнада мың бұрала биледі. Жоғарыда аталған жұптың барлығы арнайы дипломдармен марапатталып, 100 мың теңгелік сертификаттарға ие болды.

    Аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Зарина Булекбаева – білікті мемлекеттік қызметкер ғана емес, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп отырған көпбалалы ана. Ол ауданның бетке ұстар жас әншісі Нұртас Қайратұлымен әдемі дуэт жасады. Осылайша, үшінші орын мен 200 мың теңгенің сертификатын жеңіп алды. Үнемі ресми жиындарда іскерлік стильді қатаң ұстанып, костюм-шалбармен жүретін аудан әкімі аппаратының басшысы Мақат Мемелбековтің өнері де көпшілік көңілінен шықты. Мәдениет үйінің әншісі Рахат Әлқожамен бірге хит болған әндерді тамаша орындап, екінші орын алды. Ауданның электр жүйесіне жауапты мекеме – «АлматыЭнергоСбыт» басшысы Гүлзада Желдікбаева мен әнші Ернар Мұқан байқаудың бірінші орын иегері атанып, 400 мың теңгені қанжығалады. Аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Қымбат Әділқызы мен республикаға танымал әнші Бауыржан Қаңтарбаев бас жүлдеге қол жеткізіп, 600 мың теңгенің сертификатын иеленді.

    Үш кезеңге созылған ән байқауында орындалған әр шығарманы, әр орындаушының даусы мен ырғағын, жүріс-тұрысын бағалаған әділ қазылар: «Дос-Мұқасан» ансамбльнің мүшесі, қазақ өнерінің қайраткері Айбек Мұхаметалиев, ҚР  Мәдениет саласының үздігі, Т.Молдағалиев атындағы аудандық Мәдениет үйінің директоры Бауыржан Шаяхметов, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымының әншісі Ұлмекен Бегалиеваларға аудан әкімі Талғат Байеділовтің Алғыс хаты табысталды.

    Аудан тұрғындары аталған өнер додасын жоғары бағалап, ыстық ықыласын білдірді. Күнделікті күйбең тірліктен бір уақыт бой жазып, сергіп, серпіліп қайтты. Алдағы уақытта да осындай жобалар жалғасын табады деп сенеміз.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ,

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Тәлімгерлер кеңесі

    Тәлімгерлер кеңесі

    1 year ago
    Алматы облысында халықаралық құтқарушылар жарысы басталды

    Алматы облысында халықаралық құтқарушылар жарысы басталды

    2 years ago
    Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер

    Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер

    7 months ago
    Ғылымды дамыту – заман талабы

    Ғылымды дамыту – заман талабы

    10 months ago
    Қауіпті анықтайтын көк код

    Қауіпті анықтайтын көк код

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>