-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Отбасылық бюджет: биылдан бастап салық шегерімдері кімдерге беріледі?

    15.01.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Жалпылама декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталады

    Фото: egemen.kz

    0
    SHARES
    26
    VIEWS

    2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде көпбалалы отбасылар, ипотекалық төлем және оқу ақысы бойынша жаңа салық нормасы қолданыла бастауы тиіс. Ол қандай норма және қалай жүзеге асады?

    Көпбалалы отбасы

    Көпбалалы отбасына жеке табыс салығынан (ЖТС) жылына 282 АЕК-ке дейін салық шегерімі жасалады:

    Ата-ананың біреуіне ғана қолданылса – айына 23 АЕК-ке дейін (90 436 теңге)
    Ата-ананың екеуіне де қолданылса, әрбіріне — айына 12 АЕК-ке дейін (47 184 теңге).
    Бұл салық шегерімі жасалуы үшін 1 қаңтардағы жағдай бойынша отбасында 4 және одан да көп бала болуы керек. Бұл статус балалардың туу туралы куәлігін жұмыс беруші ұйымның бухгалтерия не кадр бөліміне көрсету арқылы нақтыланады.

    Бұл жеңілдікті қарапайым тілмен былай түсіндірсек болады: жұмыс істеуші ата-ананың бірінің жалақысынан 90 мың теңге сумма жеке табыс салығынан босатылып, соның арқасында әр ай сайын 9 мың теңге үнемделеді.

    Басқаша айтқанда, бұрын 500 мың теңге жалақысынан 10% ЖТС төлеп келген адам енді сол жалақысының тек 410 мың теңгесінің 10%-ы мөлшерінде ЖТС төлейді. Сәйкесінше бұрын ЖТС-ке 50 мың теңге ұсталса, салық шегерімін қолданған сәттен бастап 41 мың теңге ұсталады.

    Оқу ақысы

    Салық шегерімі мына оқу түрлерінің төлеміне қолданылады:

    Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру;
    Техникалық және кәсіптік білім беру;
    Арнаулы орта және жоғары білім;
    Салық шегерімінің шекті сомасы — бір күнтізбелік жылда 118 АЕК-ке дейін. Демек, оқу ақысынан 463,9 мың теңге ЖТС-тен босатылып, ата-ана 46,3 мың теңге үнемдеп қала алады.

    Бұндай жеңілдікті 21 жасқа толмаған студент баласының оқу ақысын төлеу кезінде ата-ана да, білім алушының өзі де пайдалана алады.

    Оны алу үшін білім беру қызметін көрсететін ұйыммен жасалған келісім мен төлемді растайтын құжаттарды көрсету керек.

    Ипотека сыйақысы

    2024 жылдың соңына дейін ипотекалық қарыз сыйақысы бойынша салық шегерімі «Отбасы банк» клиенттеріне ғана жасалып келді. 2025 жылдан бастап мұндай жеңілдік кез келген екінші деңгейлі банктерден алынған ипотекаларға да қолданылады.

    Салықтық шегерімді жасату үшін бухгалтерия не кадр бөліміне өтініш жазып, мына құжаттарды көрсету керек:

    ипотекалық тұрғын үй займы туралы келісім;
    ипотекалық тұрғын үй займын өтеу кестесі;
    төлем жасалғанын дәлелдейтін құжаттар.

    Заңға сай ма?

    2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 8-бөлімі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚР заңы негізінде жұмыс істейді.

    Бұған дейін осы кодекстің 8-бөлімі 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылған.

    Мемлекеттік органдар әлденеше рет осы тыйым 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін созылады деп мәлімет бергеніне қарамастан, әлі күнге ондай норма жарияланған жоқ.

    Осы мәселе бойынша Ұлттық экономика министрлігіне хабарласып көрдік, бірақ әзірге жауап ала алмадық.

    Жаңа салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев Kazinform тілшісіне берген жауабына айтты.

    Ұсынымдар

    Заречный кентінде көппәтерлі үй өртенді

    Жылыту мауысында өрттен 7 адам көз жұмды

    1 year ago
    Алматы облысына Оңтүстік Корея делегациясы сапарлап келді

    Алматы облысына Оңтүстік Корея делегациясы сапарлап келді

    2 years ago
    Өндіріс ошақтарында жаңа жұмыс орындары көбейді

    Өндіріс ошақтарында жаңа жұмыс орындары көбейді

    2 years ago
    Ұстаздар АЭС салуды қолдайды

    Ұстаздар АЭС салуды қолдайды

    8 months ago
    Қала, көше, тіршілік

    Қала, көше, тіршілік

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>