-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алда айтулы айқастар

    22.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Алда айтулы айқастар
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

          Соңғы 15-20 жылда MMA-да қазақстандықтар танымалдылыққа ие болды. Оны спорт жанкүйерлері аралас жекпе-жек деп те атап жүр. Әлбетте, аралас жекпе-жектің тарихы терең. Ол бастауын ежелгі Грекиядан алады десек те қателеспейміз. Ал қазақ даласына қашан келді дегенге тоқталар болсақ, бұл – біздің ата-бабамыздан қалған өнер. Нағыз сайдың тасындай серкелер анықталар ойын түрі болған. Тек заман ағымына сай түрленіп, дамыған бағзы спорт түрі. Бүгінде жауынгер халық саналатын қазақтар арасында Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Бекзат Алмахан сынды жұлдыздар шоғыры пайда болды. Әлем жұрты жоғары бағалаған сол аралас жекпе-жектің адуынды шеберлері арасында Алматы облысының тумасы Азат Мақсұм да бар.

    Жас спортшы Алматы облысы Балқаш ауданына қарасты Бақанас ауылының тумасы, бірақ 5 жасында отбасымен Алматыға көшіп келген. Бала кезінен күреспен айналысып, спорт шебері атағына қол жеткізген. Сонымен қатар жекпе-жек бойынша спорт шебері атағына ие және джиу-джитсудан спорт шеберіне үміткер атанған. Азат кезінде ала допқа да әуестенген. Еліміздің әуесқой лигасында шабуыл шебінде де, қорғаныста да өнер көрсеткен. Бірақ кейін бірден ММА спортын таңдапты. Азат – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің түлегі. Ол – даңқты бапкер Дәнеш Дүнгенбаевтың төл шәкірті. Аралас жекпе-жектің аты аңызға айналған жүлдегері Дәнеш аға жас шәкіртті жан-жақты жетілдіріп, UFC-дың айқас алаңына дейін жеткізді. Азат ММА-да алғаш жекпе-жегін 2017 жылы өткізген және содан бері 17 рет жекпе-жекке шығып, олардың көбінде жеңімпаз атанды. Octagon, Brave CF және Naiza сияқты промоушндарда өз өнерін көрсеткен болатын. Ол – UFC-ге шақырту алған алғашқы файтер.
    Әуелі әңгімені Азаттың жеке бапкерлерінің бірі, каратэден спорт шебері Қанат Рахимов бастады. Ол алдымен аралас жекпе-жек туралы ой өрбітті. «ММА, бұл – жекпе-жек өнерінің әртүрлі стилін біріктірген спорт түрі. Мұнда нағыз жеңімпаз болу үшін еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо мен самбо, муай тай, джиу-джитсу, грэпплинг, бокс, каратэ секілді жекпе-жек өнерінің түрлі бағытын білген абзал. Кейде қарапайым жанкүйерлер аралас жекпе-жек пен промоутерлік ұйымды шатастырып жатады. Айталық, UFC (Ultimate Fighting Championship) – американдық промоутерлік ұйым. Ол ММА жекпе-жегін ұйымдастырып, ақылы трансляциялар мен билеттер сатудан ақша табады. Оның өз турнирі мен рейтингтік кестесі және өз чемпиондары бар. ММА – өте қымбат спорт түрі. Нақты жаттығу лагерінен өту үшін қыруар қаражат керек. Жанкүйерлер тек айқасты ғана көріп, баға беріп жатады. Шын мәнінде, ол биікке жету үшін де қайтпас қайсарлық танытып, қиын жолды басып өту керек. Біз бүгінде әлемдік аренада бақ сынайтын жауынгерлерімізге қаржылай қолдау таппай қиналамыз. Оларға қолұшын беретін атымтай жомарттар көп болса, қазақ ММА-сы бұдан да биік белестерді бағындырар еді. Ал Азатқа келсек, ол – әмбебап жауынгер. Бүгінде өзінің әлсіз тұстарын жетілдіріп, анағұрлым әлеуетті жауынгерге айналды. Сол үшін де Азат кез келген үлкен айқасқа дайын», – дейді Қанат Рахимов.
    Азат Мақсұм UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 2023 жылы 15 шілдеде өткізіп, тәжірибелі америкалық спортшы Тайсон Нэмді қапы қалдырды. Ол айқас алаңында өзіне деген сенімінің бәрінен маңызды екенін айтты. «Аралас жекпе-жектің берері не? Бірінші – сенім. Ең бастысы, адамның өзіне деген сенімі. Іштегі үрейді үмітке жеңдіруді үйренеді. Үміт сөнбеген жерде өмір бар. Демек, өмірге деген құштарлық. UFC-ге қадам басудан бұрын Бахреин елінде маңызды сынақтан өттім. Сонда қарсыласым өте азулы франциялық спортшы болды. Өзгелер мені оған төтеп бере алмайды деп ойлады. Мен бойымдағы нық сенімнің арқасында жеңіске жеттім. Аралас жекпе-жекте жеңіске жету үшін, оны жіті игеру үшін ниет, спортқа деген құлшыныс, құштарлық, ақыл мен күштің айлалы әрекеті керек. Жүрек түкпіріндегі қорқыныш сезімінен ада болу қажет», – дейді ММА шебері.
    Кәсіби спорттың тек жеңістен тұрмайтыны ақиқат. Тарихта есімі алтын әріппен қалған талай саңлақтың да жеңілістің ащы дәмін татқаны бар. Азат та 2024 жылдың ақпан айында америкалық Чарльз Джонсомен өткен айқаста ұпай санымен ұтылды. Сол тұста Қазақстандағы OCTAGON лигасының президенті Нұраддин Садықов жеңілістің басты себебі – кәсіби спортшы режимінің бұзылуынан екенін айтқан еді. Ал Азат сол кездегі қателіктерден сабақ алғанын, жаттығудан үнемі қол үзбейтінін жеткізді.
    – Жарақатыма байланысты ұзақ уақыт жекпе-жектен тыс қалдым. Қазір біз UFC-ге дайын екенімізді хабарладық, енді тек қарсыласпен кездесу күнін күтудеміз. Әзірге нақты дерек жоқ. Басты мақсат – кіммен болса да октагонға шығуға дайынмын. Қазір жүйелі түрде жаттығу жасап жатырмыз. Мүмкін жаз айларында UFC октагонында бой көрсетуім мүмкін, – деді Азат Мақсұм. Біз де қайсар қазақ баласының биік тұғырдан көрінетініне сенім білдіреміз.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Біріңе-бірің бәле терме, қазақ!

    Біріңе-бірің бәле терме, қазақ!

    2 years ago
    Мықты қазақ

    Өлмейтін тек дана сөз

    1 year ago
    Көпбалалы ана: Әйелдердің жағдайын жақсарту үшін дауыс бердім

    Көпбалалы ана: Әйелдердің жағдайын жақсарту үшін дауыс бердім

    2 years ago
    Газдандыру қарқын алады

    152 шақырымнан астам жол жөнделді

    4 months ago
    Жемқорлыққа қарсы топ құрылды

    Жемқорлыққа қарсы топ құрылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.