Перейти к содержимому
Главная страница » Негізгі бағыттар таныстырылды

Негізгі бағыттар таныстырылды

Қонаев қаласында «Әділет» партиясының Алматы облыстық сайлауалды штабының ашылу рәсімі өтті. Осылайша партия Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасына сәйкес өңірдегі сайлауалды науқан аясындағы жұмысын ресми түрде бастады.

Шара республикалық сайлауалды штабтың ашылу рәсімімен бейнебайланыс арқылы өтті. Партияның Алматы облыстық филиалының төрағасы Данияр Қасқарауов облыстық сайлауалды штабтың құрамына 106 адам енгенін айтып өтті. Бұдан бөлек, облыстың қала және аудандарында құрылған штабтарда 407 штаб мүшесі жұмыс атқарады. Қалалық және аудандық штабтарға аумақтық партия филиалдарының төрағалары жетекшілік етеді.
Жиын барысында сайлауалды кезеңдегі ұйымдастыру жұмысы мен штабтың негізгі қызметі таныстырылды. Сондай-ақ штаб төрағасының орынбасарлары мен жауапты тұлғалардың міндеттері белгіленді. Бекітілген желілік кестеге сәйкес, сайлауалды науқан кезеңінде Алматы облысында 1300-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған.
Партияның «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы да айтылды. Бағдарламада мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, өңірлердің әлеуетін күшейту, кәсіпкерлікті дамыту, цифрлық технологияларды енгізу, әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту бағыттары қарастырылған.
Шарада штаб жетекшісінің орынбасарлары мен облыстық штаб мүшелері сөз сөйлеп, алдағы сайлауалды кезеңдегі ұйымдастыру жұмыстарына қатысты пікірлерін білдірді. Жиын соңында штаб жұмысының негізгі міндеттері нақтыланып, алдағы іс-шараларды үйлестіру мәселелері талқыланды.

Мәди Сайділдин
Қонаев қаласы