-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Берері мол басқосу

    12.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Берері мол басқосу
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағаны баршаға белгілі. Осыған орай Қаскелең қаласында бірқатар шара өтті.

    Алдымен SDU университетінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды, кейін аудандық Мәдениет үйінің көрермендер залында «Адал еңбек – адал табыс» тақырыбында үлкен форум, шара соңында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
    Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мен тұрғындарды еңбекпен қамту мақсатында Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асырылып жатқаны белгілі. Еңбек адамының беделін көтеру, кәсіби білім беру және еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқытуды жетілдіру биылғы жылдың басты мақсаты және негізгі жоспары ретінде айқындалған. Осы бағытта облыста жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Қарасай ауданында өткізілген ауқымды басқосу осындай қадамдардың бірі десе болады. Дөңгелек үстел мен форумды Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Бексұлтан Ақылбек жүргізіп отырды.
    Шараға облыс әкімдігінің өкілдері, басқармалар мен жоғары оқу орындарының басшылары, ірі кәсіпорындар мамандары, колледж оқытушылары, Павлодар және Алматы облыстарының еңбек мобильділігі орталығының құрамы қатысты. Жиын барысында жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру мен оларға көрсетілетін қолдау мәселелері жан-жақты талқыланды.
    Форумда сөз алған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова Президенттің бұл бастамасы экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы ретінде жұмысшы мамандықтарының рөлін күшейтудегі стратегиялық қадам екенін атап өтті. Тақырыпқа орай SDU университетінің ректоры Әлімжан Игембаев пен экономика ғылымдарының докторы, SDU университетінің профессоры, Fulbright ғалымы (АҚШ) Болат Тәтібеков өз пікірін білдірді.
    Болат Латифұлы «Технологиялық даму жағдайында еңбек нарығы: 2030 жылға болжам» тақырыбында ғылыми баяндамасын ұсынды. Оның айтуынша, екі апта бұрын Даллас экономикалық форумында 2030 жылға дейін еңбек нарығында 170 миллион жаңа жұмыс орны пайда болады, ал 92 миллион жұмыс орны жойылады. Бүгінгі күнмен салыстырғанда әлем халқының жұмыспен қамтылуы 14 пайызға артады деген болжам бар. Сонымен қатар баяндамашы цифрландыру мен жасанды интеллектінің дамуы еңбек нарығында және жұмыспен қамту деңгейінде айтарлықтай өзгерістер тудыратынын тілге тиек етіп, интеллектуалдық қызметпен байланысты мамандықтар жойылып, дене еңбегіне деген сұраныс сақталатынын, себебі роботтар музыка шығаруға және сурет салуға қабілетті болса да, адам қолымен атқарылатын жұмысты меңгере алмайтынын айтты.
    Шараға қатысушылар арасында университет өкілдері, жұмыс берушілер және басқа да қатысушылар өз тәжірибелерімен, бұл бағытта туындап отырған мәселелермен бөлісті. Павлодар облысынан келген Меруерт Сейітбекқызы елдің оңтүстігінен солтүстіктегі аймақтарға халықты көшіру мемлекеттік бағдарламасының ерекшеліктері туралы айтып берді.
    Шара барысында ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесінде 20-дан аса мекеме 150-ге тарта жұмыс орнын ұсынды. Айта кетерлігі, Алматы облысында өткен жылы 70 636 жұмыс орны құрылған. Осы мүмкіндікті пайдаланған 57 536 адам тұрақты табыс таба бастағаны қуантады. Сонымен қатар 11 799 орын субсидияланатын жұмыс орындары ретінде ұсынылып отыр. Облыста өткен жылы 132 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілген. Шараға қатысушы 15687 азамат «Бір терезе» қағидасымен тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал жұмыссыз ретінде тіркелген 44 138 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған.
    Басқосу барысында еңбек адамдарын марапаттау рәсімі өтті, олардың қатарында Қарасай ауданынан өкілдер бар.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Қарқаралықтар қуанышы

    Қарқаралықтар қуанышы

    5 months ago
    Қолына қыран қондырған

    Қолына қыран қондырған

    2 months ago
    Жамбыл ауданының әкімі әулетімен дауыс берді

    Жамбыл ауданының әкімі әулетімен дауыс берді

    2 years ago
    Өндіріс – ел экономикасының қозғаушы күші

    Өндіріс – ел экономикасының қозғаушы күші

    2 years ago
    Қонаевта демалыс күндері бірнеше көше жабылады

    Қонаевта демалыс күндері бірнеше көше жабылады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.