-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖАСАМПАЗ РУХТЫҢ ЖАРШЫСЫ

    Алматы облысының әкімі Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВТІҢ Наурыз мейрамымен құттықтауы

    21.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Өнегелі өңірдің өрісі кең
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Қадірменді жерлестер!

    Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

    Тарихы терең, тағылымы мол Әз-Наурыз – жаңашылдық пен жасампаз рухтың жаршысы, адам мен табиғат арасындағы үндестіктің, келісім мен татулықтың алтын арқауы.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бұл мереке өткен жылдан бастап Наурызнама тұжырымдамасы аясында жаңа форматта, он күн бойы аталып өтуде. Наурыз тойын кең көлемде мерекелеу ұлттық құндылықты арттырып, бірлігімізді нығайтатыны сөзсіз.

    Наурызнама онкүндігі халық арасында бір-біріне деген сый-құрметті қалыптастырып, татулық пен бірлікті насихаттайды. «Ынтымақты елге бақ қонады, бейбіт елге береке кіреді» дегендей, ендігі біздің міндетіміз – барымызды бағалап, бірлігімізді нығайту, Отанымызды одан әрі өркендету. Өңір халқының мызғымас бірлігі мен берекелі тіршілігінің арқасында Алматы облысы да күн санап көркеюде.

    Жасампаздығы мен қуаты артып келе жатқан облыс орталығы – Қонаев қаласының ажары мен айбыны күннен-күнге дамып, жаңарып, мәдениет пен экономика саласында жаңа биіктерге жетіп, заманауи инфрақұрылыммен өркендеп келеді.

    Құрметті қауым!

    Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында қабылданған бұл бастама қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді. Ал өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырары анық. Сонымен бірге, биыл ең ұлы әрі қастерлі мереке – Жеңістің 80 жылдығы кеңінен атап өтеді. Жылдағы дәстүрге сай, мереке қарсаңында және 9 мамыр күні соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетіледі. Осындай шаралар бүгінгідей бейбіт өмір сыйлаған ардагерлердің ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керектігін тағы бір мәрте еске салады.

    Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Ассамблеяның 30 жылдық тарихы – еліміздегі достық пен ынтымақтастықтың, келісім мен тұрақтылықтың жарқын көрінісі. Осы уақыт аралығында Ассамблея өз қызметінің маңыздылығын дәлелдеп, Қазақстан халқының бірлігі мен ел болашағына деген сенімін нығайтты. Бүгінде Ассамблея этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтап, елімізде бейбітшілік пен өзара сыйластықты қамтамасыз ету бағытында маңызды жұмыс атқаруда. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ерекше назар аударған салалардың бірі – еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту. Жүзеге асырылып жатқан Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сондықтан, бағдарлама аясындағы
    іс-шараларды тұрақты негізде жалғастырып, барлығымыз қатысуымыз қажет.

    Ардақты ағайын!

    Баршаңызды Көктем мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтаймын!

    Егеменді еліміздің іргесі берік, мәртебесі биік, болашағы жарқын болсын!

    Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

    Ұсынымдар

    Вейпке тыйым салынады

    Вейпке тыйым салынады

    1 year ago
    Табысқа толы 90 жыл: ҚазҰУ қабырғасында бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті

    Табысқа толы 90 жыл: ҚазҰУ қабырғасында бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті

    1 year ago
    «Құрақ көрпе»

    «Құрақ көрпе»

    1 year ago
    Ұлттық спорт саңлақтары марапатталды

    Ұлттық спорт саңлақтары марапатталды

    6 months ago
    Қайта жаңғырған бастама

    Қайта жаңғырған бастама

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.