-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Белсенділік – ұзақ өмір кепілі

    17.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Белсенділік – ұзақ өмір кепілі
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

           Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық денсаулығының жалпы деңгейін арттыруға және орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізуге қатысты берген тапсырмасына орай әр аудан-қалаларда Белсенді ұзақ өмір орталықтары құрылуда. Дәл осындай орталық Балқаш ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінен ашылды.

    Осыған орай өткен салтанатты шарада алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімі Азат Құтпанбетов жиналған көпшілікті құттықтап, бақ дарыған құт мекеннің дамуына сүбелі үлестерін қосып, еселі еңбек еткен зейнеткерлік жастағы азаматтардың мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік белсенділігін арттыру мақсатында ашылған орталықтың негізгі мақсатына тоқталды.
    Келесі кезекте сөз алған облыс­тық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова мен облыстық Белсенді ұзақ өмір орталығының директоры Жәния Сақташева осындай орталықтың облыс көлемінде бірнеше ауданда ашылғанын және бұл игі бастама әлі де өз жалғасын табатынын айтты.
    Бұдан соң Алатау қалалық Белсенді ұзақ өмір орталығының қызмет алушылары Бәтен Бестібекова мен Гүлбақыт Зейнелхабденқызы ортаға шығып, Балқаш аудандық Белсенді ұзақ өмір орталығының қызмет алушылары, ауданның Құрметті азаматы Мұқанғали Қожабеков пен аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ғалия Әліпбаеваға жаңа орталықтың кілтін құрметпен табыстады.
    Мерекелік шарада «Алтын ғасыр» әжелер ансамблінің әншілері тамылжыта ән салып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленсе, аталмыш орталықтың қызмет алушы әжелері «Текемет» биін биледі. Сонымен қатар аудандық Мәдениет үйінің әншісі Гүлмира Қасабекова әннен шашу шашса, «Ерке» би тобының бишілері өз өнерлерін көрсетті.
    Концерттік бағдарлама аяқталы­сымен жаңа орталықтың лентасы салтанатты түрде қиылып, әжелер шашу шашты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев ақ батасын берді. Жиналған көпшілік аудандық спорт кешенінің ішіне кіріп, Белсенді ұзақ өмір орталығының емдік дене шынықтыру, би, музыка, скандинавиялық жаяу жүру, жадты нығайту, йога, цигун, ІТ, сауаттылық, еңбек технологиясы, шахмат және тоғызқұмалақ, спорттық ойын түр­лерімен танысты. Ендігі кезекте аға буын өкілдері өз қалауы бойынша жоғарыда аталған қызмет түрлерін алып, орталықта бір мезет бос уақытын көңілді өткізетін болады.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Облыста 156 мың тонна астық бастырылды

    Облыста 156 мың тонна астық бастырылды

    2 years ago
    АНА ТІЛІНІҢ АБЫЗЫ

    АНА ТІЛІНІҢ АБЫЗЫ

    12 months ago
    Берері мол басқосу

    Берері мол басқосу

    3 months ago
    Бір мақсат, бір мүдде

    Бір мақсат, бір мүдде

    3 weeks ago
    Ойлылардың ойыны

    Ойлылардың ойыны

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>