-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Дән егілді

    19.04.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Дән егілді
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

            Жамбыл ауданында көктемгі дала жұмысы жүйелі түрде атқарылуда. Аграрлы өңірде егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалық­тарының саны 2 мыңға жуықтайды. Диқандар ауа райы­ның қолайлы күндерін барынша тиімді пайда­лануға тырысып, науқандық жұмысты уақыты­лы және сапалы атқаруға біркісідей жұмылған.

    Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша, көктемнің алғашқы айынан бастап 86 мың гектарға ылғал жабылған. Себу алдында 50 мың гектар шамасындағы алқап өңделді. Жер жырту жұмысы да оңтайлы мерзімде басталып, 26 мың гектар егістікке соқа салынды. Осы дайындалған алқаптарға басты дақыл саналатын – арпа, бидай, сұлы сияқты жаздық дәнді дақылдар егілді. Сонымен қатар 4900 гектарға майлы дақылдар, 1141 гектарға көкөніс тұқымы сіңірілді. Сондай-ақ бақша дақылдары – 695 гектарға, картоп 1621 гектарға себілді. Ал 47634 гектарға мал азығы дақылдары, көпжылдық шөп егілген.
    Көктемгі дала жұмысына трактор, соқа, тырма, тұқымсепкіш, топырақ қопсытқыш сияқты ұзын-саны 1400-дей ауылшаруашылық техникалары жұмылдырылды. Ауданда ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жердің жалпы көлемін өткен жылмен салыстырғанда биыл 1 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Осылайша жалпы аудан бойынша егіс алқабы 106,1 мың гектарға жеткізілмек.
    Шаруаларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі, арзандатылған жанар-жағармай, минералды тыңайтқыштар беріліп, жаңа техникамен қамтамасыз етуде жеңілдіктер ұсынылады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қолжетімді техника сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Былтыр жалпы құны 453 млн теңге болатын 35 техника алынса, биыл 50 техникаға өтінім берілген. Бүгінге дейін 135 млн теңгенің 14 техникасы шаруалар қолына тиді. Ауылшаруашылық техникасының тозу көрсеткіші аудан бойынша 45 пайызды құрайды. Шаруа қожалықтары техника жаңарту ісіне белсенді қатысуда.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Академик есімі берілді

    Академик есімі берілді

    1 year ago
    Азаматтық құқықты қамтамасыз етеді

    Азаматтық құқықты қамтамасыз етеді

    3 months ago
    Премьер-министр: Алматы мен Атырау облыстарында негізгі макроэкономикалық өсім төмен

    Алматы облысында 29 мың жаңа жұмыс орны құрылды

    9 months ago
    Қонаев қаласында қыс маусымына дайындық қалай?

    Қонаев қаласында қыс маусымына дайындық қалай?

    1 year ago
    Үлкендегі үлкен іс

    Үлкендегі үлкен іс

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>