⛅
8°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қараша 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Қошеметпен қол соқты

    05.04.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Қошеметпен қол соқты
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінде ардагерлер мен аналар ұйымдары, ауылдық кітапхана және Мәдениет үйі ұйымдастырған «Аталардың ақ батасы» атты батагөйлер байқауы өтті.

    «Батамен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер» деген қазақи қағиданы берік ұстанған қатысушылар байқау талаптарын мүлтіксіз орындауға барын салды. Байқауға Е.Сәлибеков, Береке ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы А. Көшербаев, зейнеткер-ұстаз Б.Сіләмова сияқты қадірменді қариялар төрелік етті.
    Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Қ.Мерейімов, екінші орынды Т.Исабеков, үшінші орынды Қ.Кейікова иеленді. Жеңімпаздар Алғыс хаттар және дипломдармен марапатталды. Бұл іс-шараның ойдағыдай өтуіне кітапхана меңгерушісі Жәмила Қарқынбаева мен Мәдениет үйінің директоры Қ.Измахановтың қомақты үлес қосқанын атап өткен артық болмас.
    Шараға жиналған көпшілік «Асыл қазына» ансамблінің есептік концертін тамашалады. Қарт өнерпаздар таңдай қақтырарлық тамаша өнерлерімен көрерменді тәнті етті. Олардың арасында мың бұралған биші де, күйші де, бұлбұл көмей әнші де баршылық.
    Құрылғанына төрт жыл ғана болған ансамбльдің осы күнге дейінгі жетістіктері аз емес. Алматы қаласында өткен «Өнерлі елдің өресі биік» атты республикалық байқауда «Хормен ән салу» номинациясында бас жүлдені, «Анаға құрмет» музейінің 10 жылдығында «Дәстүрді дәріптеген әжелер» байқауында жүлделі ІІІ орынды иеленсе, биыл Түркістан қаласында өткен республикалық «Шуақты шақ» байқауында бас жүлдені қанжығаға байлап қайтты.
    Сөйтіп, Елтай ауылында бір күнде өткен қос шараға жұртшылық дән риза болып, қошеметпен қол соғып тарқасты.

    Қанат ТӘКЕБАЕВ
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Әлеуметтік әмиян: 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды

    Әлеуметтік әмиян: 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды

    11 months ago

    “Қандас” мәртебесін алу жеңілдеді

    2 years ago
    Ел болашағы үшін маңызды шешім

    Ел болашағы үшін маңызды шешім

    1 year ago
    “Сайлау – дауыс беретін ғана емес, елді ұйыстыратын да күн”

    “Сайлау – дауыс беретін ғана емес, елді ұйыстыратын да күн”

    3 years ago
    Қазақ сөзінің құдіретті қағбасы

    Қазақ сөзінің құдіретті қағбасы

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>