-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ҰЛТ ТАРИХЫМЕН ҮНДЕСКЕН

    17.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    ҰЛТ ТАРИХЫМЕН ҮНДЕСКЕН
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

           Зейнолла Сәнік – фольклоршы, баспагер, этнограф, көрнекті жазушы, аудармашы, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер, жарты ғұмырын баспа саласына арнап, батырларды насихаттауды өзінің мақсаты еткен талант иесі. Оның әр шығармасынан қазақ ұлтының иісі аңқып тұрады. Бүгінгі жас ұрпаққа мұндай шығармаларды көбірек оқу керек-ақ.

    Зейнолла Мүбәракұлы 1935 жылы Қытайдың Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Қытайдың Бейжің қаласындағы Орталық жастар инсти­тутын бітіріп, Үрімжідегі жастар баспасында жауапты редактор болып қырық жылдай қызмет еткен. Яғни жазушы шығармашылық ғұмырын Қытай Республикасында өткізген. Зейнолла да басқа жазушылар секілді шығармашылыққа ақындық жолмен келген, бірақ роман, хикаяттары басқа­лардан өзгерек. «Зекең ойға көсем, тілге шешен, бала жүректі, баба тілекті кісі болды» деп замандасы Жанат Ахмади өз естелігінде жазушының ерекше қырларымен бөліскен.
    Зейнолла Сәнік 1955 жылдары жүргізілген «мәдени төңкерістің» ауыр соққысына ұшырап, «халық жауы» деген атпен қиын кезеңдерді басы­нан өткерген. Кейіннен қаламгердің Қазақстанда «Басбай», «Қаракерей Қабанбай», «Хас батыр Қабанбай», «Халық күйшісі Қайрақбай», «Демежан батыр», «Тұғырыл хан» атты кітаптары жарияланды. Қаламгер шығарма­шылығына үңілсек, 1999 жылы «Сергелдең» атты тарихи романы «Шыңжаң» жас өрендер баспасында алғаш рет басылған. Романда жазушы Қабанбай батырдың бауыры Тұматай бидің ұрпақтары туралы қалам тербейді. Шығармада 1870 жылдардағы Бәшке, Төлебай және Әлкембай атты бауыр үш жігіттің сергелдең жолы баяндалады. Зейнолла Сәніктің бұл шығармасы өскелең ұрпаққа қалдырған сырлы қойма іспетті. Автордың шығармалары арқылы қазақ халқының басынан қандай қиын-қыстау оқиғалар өткенін білуге болады. Ұлт бірлігі, қандастық мәселелері, ұрпақ болашағы әр шығар­масында суреттеледі. Зейнолла Сәніктің «Қабанбай батыр» туралы тарихи эссесі алғаш кириллицаға түсіріліп, Қазақстан оқырмандарына жол тартты. Бұл туынды Қабанбай батыр туралы елден естімеген тың дерекке толы.
    Зейнолла Сәніктің әр шығармасы – ерекше талғам мен ұлттық болмыстың, тарих пен этнографияның негізі. Автордың романдарын оқи отырып, қазақ руханиятына қосқан едәуір үлесі бар екені көрінеді. Оған дәлел – «Басбай» романы 1996 жылы Бейжіңдегі орталық ұлттар баспасында жарық көрген. Бұл туындының басты кейіпкері – атымтай жомарт Басбай өмірде болған. Автор негізінен 1950 жылы Баспай Шолақұлының Кореяға көмектескенін әдемі суреттеп қана қоймай, зерттеу жұмыстарын да жазған. Роман арқылы халыққа жомарттық, қарапайымдылық секілді кез келген адамның бойынан табыла бермейтін қасиеттерді насихаттайды. Серік Негимовтің «Зейнолла Сәніктің «Басбай» романы: тарихилық, дүние­таным, көркемдік» мақаласында кейіп­кер бейнесі талданады. З.Сәнік Басбайдың отаншылдық көзқарасын, кісілік кемел қасиеттерін айта отырып, оның әділдігін даралықтың дарқан үлгісі деп суреттейді. Романда Абай, Құнанбай, Алшынбай тәрізді тұлға­лардың деректері де бар.
    Зейнолла Сәніктің әр туын­дысынан елін сүйген, елі сүйген жазушы екені көрінеді. Қытай Халық Республи­ка­сында миллион­даған қандасымыз­дың барын білсек те, олардың тарихын, көркем әдебиетін тәуелсіздік алғаннан кейін ғана танып, оқи бастадық. З.Сәніктің туындылары осы қатарда ойып орын алады. «Зейнолла Сәніктің еңбегі қазақ руханиятына талмалы тұста талып жатқан кезде қан ұйығандай леп әкелді деп есептеймін», – деп филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай пікір білдірген. Рас-ақ, әр романы тарихпен бірге сыр шертеді. Қаламгердің әңгімелерінде де қазақ этнографиясына қатысты біраз мағлұмат бар. Қазақ этнографиясына қосқан үлесі де мол. Таңсық ақпарат өте көп. Мысалы, қолүздік, місе, мезіреті, айырылыс қазан, басқа да көп кездесе бермейтін сөздерге сүбелі түсінік жазған. Филолог-ғалым Зұфар Сейітжан мақаласында Зейнолла Сәніктің айтысты жаттамды айтыс және жасампаз айтыс деп екіге бөліп, қазақ халқының ақындық өнерін де терең зерттегенін айтады. Зейнолла Сәнікті тек жазушы ғана емес, ұлттың шынайы шежірешісі деп те айтуға болады. Оның шығармаларынан біз елге, жерге, тілге деген терең сүйіспеншілікті аңғарамыз. Біздің ойымызша, қазіргі буынға осындай ұлтқа деген махаббат жетпей жататыны ішті қынжылтады. Қаламгер кейінгі ұрпаққа мол рухани мұра қалдырды. Оның әр туындысы тарихи шындықты баяндап қана қоймай, оқырманды болашаққа бағдар жасауға жетелейді. Тарихымызда көмескі болған оқиғаларды шығармаларына арқау ету арқылы Зейнолла Сәнік ел тағдырын басты орынға қояды.

    Айнұр БАТНИЯЗ,
    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің студенті

    Ұсынымдар

    Көрнекі тұлғаларға орнатылатын ескерткіштер жобасына байқау жарияланды

    Көрнекі тұлғаларға орнатылатын ескерткіштер жобасына байқау жарияланды

    2 years ago
    Алматы облысында жүгері өнімділігі артты

    Алматы облысында жүгері өнімділігі артты

    7 months ago
    Қайта оралған Қонаев бейнесі

    Қайта оралған Қонаев бейнесі

    1 year ago
    КӨПЕН + КҮЛКІ = КӨҢІЛ-КҮЙ

    КӨПЕН + КҮЛКІ = КӨҢІЛ-КҮЙ

    2 months ago
    Кәсіпкерлікті қолдау артады

    Кәсіпкерлікті қолдау артады

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>