-13 °c
Qonaev
Saturday, June 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    «Алаш» сыйлығын иеленді

    21.05.2025
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    «Алаш» сыйлығын иеленді

    Фото: anatili.kazgazeta.kz

    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Кереге таулы Кеген өңірінің өзіне тән ерекшеліктері аз емес. Мәселен, тау бұлағымен қатар өнердің мөлдір бұлағы да мұнда өз арнасын тауып жатады. Ал атақты Қарқара – ақындықтың туын желбіреткен шайырлар отаны. Осы өлкеден түлеген жампоздарды жерлестері мақтан етсе, жарасып тұрғандай. Солардың қатарында саналы ғұмырын қазақ журналистикасын дамытуға арнаған, есімі елімізге белгілі  қарымды қаламгер, Қазақстанның мәдениет қайраткері Жақыпжан Нұрғожаев та бар.

    Жақыпжан Мысабекұлы  1946 жылы 13 наурызда Қарқара аумағына қарасты Тасбұлақ ауылында дүниеге келген. Алматыдағы ҚазМУ-ды 1975 жылы бітірген. Еңбек жолын «Жетісу» және «Лениншіл жас» газеттерінде  тілші болып бастады. Бөлім меңгерушісі қызметіне көтеріліп, оны ойдағыдай атқарды. Сейдахмет Бердіқұлов секілді даңқты редактордың өнегесінен үлгі алды. Ол кісінің шығармашылық ұстаханасында қаламын ұшқырлап,  шеберлігін шыңдады.

    Содан кейін біраз жылдар Шелек аудандық «Еңбек туы» газетіне жетекшілік етті. Журналистер одағында жауапты қызметтер істеді. 1987-1994 жылдары баспасөзге көмек көрсету қорының президенті болды. 1998 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы қызметін атқарып, өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласты. Тәуелсіздік идеологиясының қалыптасуына үлес қосты. Республикалық «Мұқағали» журналының негізін қалауға атсалысты. Ақын атандағы басылымның директоры, бас редакторы қызметтерін атқарды. Қазір де журналдың шығармашылық құрамында еңбек етуде. Айта кету керек, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын зерттеу ауқымын кеңейту мақсатында ашылған «Мұқағали» журналы бүгінде мұқағалитануға тың арна салған көпшіліктің сүйікті басылымына айналды.

    Бар ғұмырын қазақ журналистикасына арнап, соның ішінде ғасырдан асқан «Жетісу» газетін жиырма жылға жуық басқарып, байсалды басшы, қарымды қаламгер, жалынды журналист ретінде тер төкті. Өзі басшылық жасаған жылдарда Алматы облыстық «Жетісу» газеті барлық қырынан жанданды. Қоғамдағы толғақты мәселелерге көңіл бөлінді, ел тағдырына, өңірдің өркендеуіне қатысты озық ой, байыпты байламдар назардан тыс қалған жоқ. Соның арқасында «Жетісу» уақыт жүгін арқалаған заманауи,  салиқалы баспасөздің біріне айналды.

    Иеленген марапаттары сіңірген еңбегінің дәлеліндей. Кезінде ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі ретінде орынды пікірлерін ортаға салды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Жақында «Кең дүние төсіңді аш, мен келемін» кітабы үшін Жазушылар одағы тағайындаған халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. «Құрмет» орденінің иегері. Мемлекет басшысы тарапынан алған Алғыс хаттары өзінше бір төбе.  Алматы облысының Құрметті азаматы.

    Шығармашылық жұмысын журналистикадан бастаған Жақыпжан Мысабекұлы бүгінде белгілі жазушы. «Парасат жолы», «Көксеңгір –Қайыңдының бойтұмары», «Замана сарыны», «Жетісу жылнамасы» және ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Тәңіртаудың қыраны», «Жүрегі оның – жанартау» секілді  көптеген кітаптары оқырман көңілінен шығып, жұрттың ыстық ықыласына бөленді.

    Шығыс данышпаны Жүсіп Баласағұн: «Жанды сөздің жалынын білім маздатады» деген екен. Жақыпжан ағамыз жастайынан осы тәмсілді терең ұғынса керек.  Қаламгерлігі қайраткерлікке ұласқан әріптесімізді облыстық   «Алатау арайы» газеті ұжымының атынан Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атануымен  құттықтап, шығармашылығының табысты, ғұмырының ұзақ болуын тілейміз! Сіздің сөз өнеріне қосқан өрнек-нақышыңыз қашанда менмұндалап тұрады. Ол – кейінгі толқын інілеріңізге үлкен мектеп, тағылымды үлгі. «Алаш» сыйлығының абыройын одан әрі жалғап, Аспантаудай асқақтап алдымыздан көрініп, көш бастай беріңіз, аға!

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Президент қазақстандықтарды Отбасы күніне орай құттықтады

    Президент қазақстандықтарды Отбасы күніне орай құттықтады

    2 years ago
    ҚазҰУ Экономика және бизнес мектебінде арнайы аудитория ашылды

    ҚазҰУ Экономика және бизнес мектебінде арнайы аудитория ашылды

    2 months ago
    Сараланбаған жоба сарсаңға салады

    Сараланбаған жоба сарсаңға салады

    9 months ago
    Елордада Алматы облысы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

    Елордада Алматы облысы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

    2 years ago
    Алаңдағы аламан

    Алаңдағы аламан

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>