-13 °c
Qonaev
Friday, July 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қарасай ауданында 7 ауылда ауыз су жүйелерінің құрылысы жүріп жатыр

    05.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Партия
    Қарасай ауданында 7 ауылда ауыз су жүйелерінің құрылысы жүріп жатыр
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы Қарасай ауданының Жаңатұрмыс ауылындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылыс барысын тексерді.

    Мердігер ұйым өкілдерінің айтуынша, Жаңатұрмыс ауылындағы құрылыс жұмыстары биыл қазан айының соңына дейін толық аяқталады.

    Аудан әкімінің орынбасары Рүстем Атшабаровтың мәліметінше, бүгінде Жаңатұрмыс және Қаратөбе ауылдарында су жүйесін тарту жұмыстары жүргізілуде. Жобалардың жалпы құны – 1,3 млрд теңгеден асады. Сонымен қатар Елтай, Жармұхамбет, Шалқар және Қайрат ауылдарында да құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған. Биыл бұл мақсатқа 1,8 млрд теңге бөлініп отыр. Жалпы жобаларды толық аяқтау үшін 5,1 млрд теңге қажет.

    Бұдан бөлек, Кемертоған ауылындағы ауыз су жүйесін қайта жаңғыртудың бірінші кезеңіне арналған жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, 4,8 млрд теңгеге бюджетке өтініш тапсырылған.

    Сондай-ақ Қаскелең топтық су құбырының құрылысы да жүріп жатыр. Жоба нәтижесінде 1 қала мен 17 ауыл ауызсуға қол жеткізеді. Оның ішінде Ұмтыл ауылдық округіне қарасты Жалпақсай, Алмалыбақ, Көлді және Мерей ауылдары да бар.

    «Сайлауалды бағдарлама аясында Алматы облысында 2023–2027 жылдар аралығында 420 мыңнан астам адам тұратын 56 ауыл мен 2 қалада сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту және салу көзделген. Қарасай ауданындағы бірнеше ауылда құрылыс басталып та кетті. Партиялық бақылаудың мақсаты – осы жобалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету», – деді «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Аслан Кубентаев.

    Партия өкілдерінің айтуынша, халықты ауыз сумен қамту – өңірлік сайлауалды уәделердің маңызды бөлігі. Сондықтан әрбір нысанның нақты орындалу барысы партиялық бақылау аясында қадағаланады.

    Ұсынымдар

    Қонаевта 28 отбасы қоныс тойын тойлады

    Қонаевта 28 отбасы қоныс тойын тойлады

    3 months ago
    Мектеп құрылысы неге тоқтап тұр?

    Мектеп құрылысы неге тоқтап тұр?

    5 months ago
    Ту – тұғырың!

    Ту – тұғырың!

    8 months ago
    Азаматтық борышты аяқасты етуге болмайды – мәдениет қайраткері

    Азаматтық борышты аяқасты етуге болмайды – мәдениет қайраткері

    9 months ago
    Қиналған жұртқа дем берді

    Қиналған жұртқа дем берді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.