-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мемлекеттік тіл – ұлт өзегі

    01.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология
    Ассамблея — бірлік пен берекенің тұнық бұлағы

    Фото: tengrinews.kz

    0
    SHARES
    2
    VIEWS

           Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында халық арасындағы бірлік пен келісімді арттыруға бағытталған маңызды институт ішкі тұрақтылықты нығайтып қана қоймай, түрлі этностар арасындағы татулық пен келісімді сақтап, азаматтық қоғамның саяси кемелдену деңгейін арттыра түсті.

    Атқарылған жұмыс аз емес. Әрине, өмір болған соң кемшілігі де, жетістігі де болады. Дегенмен тұтастай қарағанда, Ассамблея өз миссиясын айтарлықтай деңгейде атқарып, елдің тұтастығы мен тыныштығы жолында қызмет етіп келеді. Қазақ – ежелден теңдікті ту еткен халық. Сондықтан да Ассамблея сол халықтың болмысына сай құрылып, елдің рухани бірлігін бекемдеуге бағытталған.

    Отыз жылдың ішінде Ассамблеяның шарықтаған шағы да, саябырсыған кезі де болды. Кейінгі жылдары мемлекеттік тілге, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа көңіл бөлініп, әсіресе жастардың қазақ тілін үйренуге деген ынтасы артып келе жатқаны қуантады. Бұл – дұрыс бағыт. Бірақ менің арманым – осы ұйым алғаш құрылған күннен бастап түрлі этностар қазақтың төңірегіне топтасып, салт-дәстүрін, мәдениетін құрметтеп, осы жердің иесі қазақ халқына құрметпен қарап өмір сүрсе деген ниет еді. Құдайға шүкір, бұл тілегім де біртіндеп жүзеге асып келе жатыр. «Көш жүре түзеледі» дейді қазақ, мен соған сенемін.

    Жалпы, салыстырмалы түрде алып қарасақ, еліміз бейбітшілігімен, достығымен, кеңпейілділігімен өзгелерден озық тұр. Қазақ – даласындай дарқан халық. Оның кеңдігі – тегінен, тектілігі – бабасынан. Біз 1944 жылы жер аударылып келгенде, қазақ халқы бізге қабағын шытқан жоқ. Сол қиын-қыстау заманда барын бөлісіп, жылы сөзін аямады. Қазақ өзгенің жанын ұғып, жүрекпен түсіне білді. Ал енді осы тыныштықты сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Ұлтқа қызмет ету ұранмен емес, шынайы әрекетпен көрінуге тиіс. Жеке бастың мүддесінен бұрын, ұлттың мүддесін биік қойғанымыз абзал. Сонда ғана біз нағыз елге адал ұл-қыздар боламыз. Мен барлық азаматты ел болашағы үшін бірігіп әрекет етуге шақырамын. Ұлттық бірегейлікті сақтау, мемлекеттік тілді ұлықтау, тарих пен тағдырды құрметтеу – бұл баршамызға ортақ жауапкершілік.

    Қазақ – осы елдің ұйытқысы. Қазақтың төңірегіне топтасу – ұлтты ұлықтау емес, елді біріктіру жолы. Мемлекеттік тіл – өзегіміз. Біз осы мақсатпен алға басуымыз керек. Ассамблея сынды ұйымдар соның дәнекері бола алады. Сондықтан бұл құрылымның жұмысы жанданып, жаңа серпінмен дами түссе екен деймін. Ел ішінде татулық пен тыныштық салтанат құрсын!

    Асылы Осман,

    Алматы облыстық әзірбайжан этно-мәдени орталығының төрағасы

    Ұсынымдар

    “Тәуелсіздік ұрпақтары” грантына құжат қабылдау басталды

    “Тәуелсіздік ұрпақтары” грантына құжат қабылдау басталды

    1 year ago
    Бірлігі күшті ел озады

    Бірлігі күшті ел озады

    1 year ago
    Алматы облысында жаңа қала пайда болмақ

    Жетіген ауылы Алатау қаласы болып өзгерді

    1 year ago
    VIII сайланған Мәжіліс депутаттары ант берді

    VIII сайланған Мәжіліс депутаттары ант берді

    2 years ago
    Тұрақтылық пен бірлік – ел дамуының негізі

    Тұрақтылық пен бірлік – ел дамуының негізі

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>