Перейти к содержимому
Главная страница » Іскерлік байланыс – ілгерілеу кепілі

Іскерлік байланыс – ілгерілеу кепілі

     Алматы облысы бүгінде көптеген мемлекетпен ынтымақтастықты нығай­тып, сауда-эконо­мика­лық, мәдени қаты­нас­тарды жандан­дыру­да. Соның бір дәлелі – Беларусь Республикасымен экономикалық тұрғыда байланыс арта түсуде. Осы орайда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Беларусь Респуб­ликасының Витебск облыс­тық атқару комитеті­нің төрағасы Александр Субботинмен кездесіп, аймақ­аралық әріптестікті нығайту жайын талқылады.

Кездесу барысында Алматы облысы әкімдігі мен Витебск облыстық атқару комитеті арасын­дағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы меморан­думға қол қойылды.
Құжаттың мақсаты – бір­лескен жобаларды іске асыру, технологиялармен алмасу және Қазақстан мен Беларусь арасындағы байланысты арттыру.
Кездесуге Алматы облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі Беларусь бизнес қауымдастығының өкілдері де қатысты. Олар өнеркәсіп саласына инвестиция салуға дайын екендіктерін білдірді. Осы ретте өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттары, бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу, тәжірибе алмасу және өндірістік кооперацияны дамыту бағыттары бойынша қосымша кеңестер өткізу жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Меморандумға қол қою аймақтар арасындағы ынтымақ­тастықты нығайтуға, тәжірибе алмасу мен өнеркәсіптік, аграрлық және әлеуметтік салалардағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға берік негіз болмақ.

Алма Есенбаева