Перейти к содержимому
Главная страница » Сәтбаевтың домбырасы

Сәтбаевтың домбырасы

       Қазақстан ғылымы мен мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі – академик Қаныш Сәтбаевтан қалған қазыналы дүниелер көп. Ғалымның мұралары – біздің төл мәдениетіміздің айнасы, мәңгілік қазынасы. Сол мәнді мұралардың қатарында оның жеке музей жәдігері ретінде сақталатын домбырасы ерекше орын алады. Бұл аспап қазақ мәдениетінің үлгісі ғана емес, ол мыңдаған ғасырлық тарихы бар ұлттық өнердің жемісі.
Қаныш Имантайұлы өзінің ғылыми қызметімен қатар, ұлттық дәстүр мен мәдениеттің қамқор­шысы болған адам. Оның домбырасы – халық мұрасына деген сүйіс­пеншілігі мен құрметін айқын көрсететін ерекше жәдігер. Ғалымның дом­бырада ойна­ғанын бір­неше дерек растайды. Ол музыкалық өнерді ерекше сүйіп, оны насихаттауға үлкен мән берген. Сонымен қатар, ол орындаған бірнеше ән Александр Затаевичтің «Қазақ әндері мен күйлері» жинағында орын алған.
Жәдігердің сақталуы – қазақ мәдениетінің асыл мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің маңызды бір жолы. Сондықтан, халқымыздың ұлы қайраткерінің рухани мұрасын қадірлеп, келешекке аманаттау – парызымыз.

Гүлжан Назымбетова,
Академик Қ.И. Сәтбаев мемориалдық музейінің директоры, PhD
Алматы қаласы