☀️
26°C
Қонаев
Жексенбі, Сәуір 26, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home БАҚ

    Алашты оятқан «Айқап»

    31.01.2026
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Алашты оятқан «Айқап»
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Биыл қазақтың тұңғыш журналы «Айқаптың» жарық көргеніне 115 жыл толды. 1911 жылы 10 қаңтарда Троицк қаласында алғашқы саны шыққан «Айқап» сол замандағы ел өміріндегі рухани жаңғырудың символына айналды. Журналдың жарық көруі үлкен серпіліс туғызды. Өйткені қазақ қоғамында бұрын-соңды мұндай идея жүзеге аспаған еді.

    Журналдың тырнақалды санына басқарушы, бастырушы деп қолын қойған Мұхамеджан Сералиннің: «Журналға «Айқап» деп есім бердік. Бұл сөзге түсінген де болар, түсінбеген де табылар. «Біздің қазақтың «Әй, қап!» демейтұғын қай ici бар?! «Қап» дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге лайық «Айқап» болды», – деген беташар сөзі «Оян, қазақ!» деген ұранның бастамасы болғаны даусыз. «Әй, қап!» деп сан соққан «Айқап» – осы уақытқа дейін қазақтарға үлгі-өнеге.
    Алаш санаткерлерінің қажыр-қайраты, ар-ождан биігіндегі елдік намысы ерен азаматтардың қаржылай демеушілігімен жарық көрген «Айқап» Ресей империясының отаршылдық қысымындағы қазақ халқының рухани оянуына, қоғамдық сана сілкінісінің серпілуіне жарқын жол ашты. Қазақтардың тарихи атақоныс мекеніне түпкілікті ие болып қалуында заман рухына сай дәстүрлі көшпелі өмір салтымен орайластыра отырып, отырықшылық тұрмыстың тізгініне берік болу талаптарын ұлт ілгерілеуінің басым саяси бағыты ретінде басты орынға шығарды.
    Ұлтымыздың әдебиет тарихын зерттеуге баға жетпес үлес қосқан көрнекті ғалым Бейсенбай Кенжебаев қазақ басылымдары арасында «Айқап» журналына айрықша тоқталып, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев секілді ақын-жазушылар осы журнал арқылы қаламгер болып қалыптасты деген пікір айтады. Ғалым «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» деп аталатын кітабында «Айқап» журналының алғашқы шығарушысы Мұхамеджан Сералиннің орнын ерекше бағалайды. «Журнал шығарудағы мақсатымыз тек қана жұрттың көзі, құлағы болмақ еді», – деген Сералин сөзін кейін Ахмет Байтұрсынұлы іліп алып кеткені белгілі.
    Алаштың арда азаматы М.Сералин: «Біздің ілгері келешек күніміз де, бұл дүниеде күн көріп, жұрт қатарлы тұруымыз да жалғыз-ақ нәрсеге тірелген. Ол – оқу. Мұнан былайғы заманда оқып, өнер білмесек, өнерлі жұртқа жалшы болудан басқа бізге ешбір де орын қалмайды. Біз жұртшылық қылып, оқушы талапкерлерімізге жәрдем бермесек, оқығандарымыз көбейе алмайды», – деп жазды. Қалам қайраткері «Аштық хаһқында», «Келешек заманымыздың қамы», «Қазақ халқының мұң-мұқтаждығы», «Қазақ жастары», «Отырықшы болған қазақтар туралы», «Шаһар Троицкі, март, 1912 жыл», «Жер әңгімесі», тағы басқа мақалаларында қазақ қауымының жоғын жоқтап, жер, оқу-ағарту секілді басты мәселелердегі келелі ой-толғамдарын талқыға салды. 1911-1915 жылдары журналдың 88 саны жарық көрді. Осылай қазақ халқына рухани азық болған «Айқап» журналы тарихымызда ғасырлар тоғысындағы қазақ өмірі мен тұрмысы жөнінде өте құнды ақпарат беретін мұра болып қала бермек.

    Ерзат АСЫЛ

    Соңғы жаңалықтар

    Бастаманы ауқымдау және оны практикалық тұрғыдан іске асыру
    25.04.2026
    «Таза Қазақстан» – идеология мен құндылықтың платформасы
    25.04.2026
    ІЛЕДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ
    25.04.2026
    ІЛЕДЕ СЕНБІЛІК ФОРМАТЫ ӨЗГЕРДІ: ЕНДІ ТАЗАЛЫҚҚА ОТБАСЫ БОЛЫП ҚАТЫСУ ТРЕНДКЕ АЙНАЛДЫ
    25.04.2026
    “Таза Қазақстан” акциясы – елдік бастама
    25.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>