☀️
24°C
Қонаев
Сейсенбі, Сәуір 28, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Димаш атаның батасы

    10.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Димаш атаның батасы
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    1992 жылы ашылған Дінмұхамед Қонаев атындағы №1 мектептің тарихында ел есінде мәңгі сақталған бір жарқын сәт бар. 1993 жылы Наурыз мерекесі қарсаңында осы білім ордасына қазақтың аса көрнекті қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев пен ақын Олжас Сүлейменов арнайы келіп, ұстаздармен, оқушылармен кездесу өткізген еді.

    Уақыт сырғып өтсе де, сол сәттің жылы лебі, жүрекке қалдырған ізі әлі күнге дейін өшкен жоқ. Сол күндері біз отбасымызбен Қапшағайға қонаққа келген едік. Жолдастарымыз: «Қазір менің қызым билейді, өнерін тамашалап кетіңдер», – деп қолқа салған соң, Қонаев мектебіне соқпай кету мүмкін болмады. Сәні мен салтанаты жарасқан мектеп ауласында Наурыз думаны қызу өтіп жатты. Димаш ата қасындағылармен бірге әр киіз үйге кіріп, оқушылардың өнерін тамашалап, дастарқаннан дәм татып, ақ батасын беріп жүр. Сол сәтте осы мектепте қызы оқитын, бірге жүрген жолдасымыз Ахметжан:
    «Мына ең шеткі киіз үйде өлең айтып қарсы алатын ешкім жоқ екен, сендерде өнер бар ғой, көмектесіп жіберіңдерші», – деді. Мұндайда өнерді аянып қалу жараса ма?! Домбырамды қолыма ала сала, көңілден шыққан шумақтарды төгіп-төгіп жібердім. Жұртшылық ду қол соқты. Сол қарбаласта қонақтармен бірге мені де ішке қарай қаумалап кіргізіп жіберді. Ішке енген соң жолдасым Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» әнін шырқап, думан тіпті қыза түсті.
    Ол кезде балаларым кішкентай еді. Димаш ата дастарқан басына жайғасып, айналасына зер сала қарап отырды да, менің жанымда тұрған үш балама салалы саусақтарымен көсіп-көсіп, кәмпит таратып жатып: «Жаңағы домбырамен суырып салып өлең айтқан ақын қызға алғыс», – деді. Мен сол сәтте оған шай ұсынып тұрған едім. Әлдебір биік белеске көтерілгендей күй кештім. Бұл атақты адамның еңбекті танып, өнерді бағалағаны еді. Осы әрекеті арқылы мен Дінмұхамед Ахметұлының әр іске байыппен қарайтын, адам еңбегін қадірлей білетін ұлы тұлға екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздім. Бата беріп, сыртқа шыққанда қасымызда жүрген он үш жастағы тұңғышым Медет әкесіне қарап:
    «Әке, Қонаев атаның қолынан ұстадым», – деп ерекше мақтанышпен айтты. Ел қадір тұтқан ұлы тұлғаның қолынан ұстау – баланың маңдайына біткен бақ емес пе?! Бір жағынан, риза болып, бір жағынан, оның балалық қылығына мәз болып күліп алдық.
    Кейін ойласам, дәл сол мектепке қызметке келуіміз де, сол күні қолынан кәмпит алған балаларымның оқуда озат болып, елге сыйлы азамат болып өсуі де, бәлкім, сол кісінің шапағатының бір тамшысы шығар деп түйемін. Сондықтан мен ұлт тарихында өшпес із салған, халықтың жүрегінде мәңгі қалған Дінмұхамед Қонаевтың киелі есімі алдында әрдайым бас иемін.

    Алтыншаш Жақиянова,
    Қонаев қаласының Құрметті азаматы

    Соңғы жаңалықтар

    Ауыл аманаты: Алматы облысында ауыл кәсіпкері айына 60 мың кірпіш өндіреді
    28.04.2026
    Шекараның күміс көмей әншісі
    28.04.2026
    Тұлға
    28.04.2026
    Кітаппен дос бол!
    28.04.2026
    Ел тыныштығының кепілі
    28.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>