☀️
21°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 25, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Мектеп парламенті

    25.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Мектеп парламенті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Мектеп білім берумен ғана шектелмейді, оқушылардың жан-жақты дамуына, көшбасшылық қабілеттерін шыңдауға үлкен мүмкіндік ашады. Білім ошағындағы осындай маңызды алаңдардың бірі – мектеп парламенті.

    Мектеп парламенті –  оқушылар­дың өзін-өзі басқару ұйымы ғана емес, сонымен қатар олардың пікірін білдіретін, бастамаларын жүзеге асыратын және мектеп өміріне белсенді араласатын орта.
    Мектеп парламентінің басты мақсаты – оқушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың шығар­машылық және әлеуметтік белсенділігін арттыру. Парламент құрамына әр сыныптан сайланған белсенді оқушылар кіреді. Олар түрлі бағыттар, яғни білім, мәдениет, спорт, экология, ақпарат салалары бойынша жұмыс атқарады.
    Біз Шалкөде орта мектеп-лицейінің  «Bes asyl» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері жыл бойы бірқатар маңыз­ды істерді жүзеге асырдық. Атап айтқанда, «Қайырымдылық – қайырлы іс» акциясы аясында көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді. «Екі жұлдыз» жобасы арқылы оқушылар мен ұстаздар өнерлерін ортаға салып, шығармашылық байланыс нығая түсті. «Дублер күні» барысында оқушылар мұғалімдердің рөлін атқарып, үлкен жауапкершілікті сезінді. Соны­мен қатар «КиноTIME» кештері ұйымдастырылып, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалды. Ал «Күзгі асар» жәрмеңкесі оқушылардың ұйымшылдығын арттырып, қайырымдылық пен еңбектің маңызын түсінуге ықпал етті.
    Бұл шаралар оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтып қана қоймай, олардың жауапкершілік, ұйымшылдық және көшбасшылық қасиеттерін дамытады.
    Мектеп парламенті мен білім шаңы­рағы әкімшілігі арасында тығыз бай­ла­ныс орнатылған. Оқушылардың ұсыныстары мен пікірлері ескеріліп, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған шешімдер қабылданады. Оқу ошағы­ның президенті ретінде менің басты мақсатым – әр оқушының пікірін тыңдау, олардың идеяларын қолдау және мектеп өмірін қызықты әрі мазмұнды ету. Біз бірге жұмыс істей отырып, мектепті тек білім ордасы ғана емес, әр оқушы өзін еркін сезінетін, дамитын ортаға айналдыра аламыз.
    Қорытындылай келе айтарым, мектеп парламенті – бұл болашақ көшбасшылардың алғашқы қадамы. Жастарды болашаққа бағыттауда оның атқаратын қызметі зор.

    Назерке Сембай,
    Шалкөде орта мектеп-лицейінің оқушысы,
    мектеп президенті
    Райымбек ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Мектеп парламенті
    25.04.2026
    Нағима апай
    25.04.2026
    Қас-қағым сәттен сыр шерткен
    25.04.2026
    Өнермен өрілген өмір
    25.04.2026
    Тіліміздің тамыры үзілмесін!
    25.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>