☀️
20°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 29, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Сот ғимараты бой көтереді

    29.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Сот ғимараты бой көтереді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қонаев қаласында Алматы облыстық сот ғимаратының іргетасы қаланып, құрылыс жұмысы басталды. Осыған орай уақыт капсуласын салу рәсімі өтіп, шараға ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.

    Ғимараттың жалпы ауданы 12 мың шаршы метрден асады. Нысан 5 қабаттан тұрады. 22 сот залы, жұмыс кабинеттері мен жертөлесі бар. Барлық қауіпсіздік талаптары ескерілген. Құрылыс 15 ай бойы жүргізіліп, келесі жылы пайдалануға беріледі. Ол үшін сапалы техника мен білікті мамандар жұмылдырылған. Қазіргі таңда жер қазу жұмыстары басталып, 40 адам еңбек етуде. Алдағы уақытта жұмысшылар саны 100-ге дейін ұлғаяды. Мердігер мекеме – «МК Технострой сервис» ЖШС.

    Қонаев қаласында құрылыс қарқыны мұнымен шектелмейді. Облыс орталығында биыл алты бірдей еңселі ғимараттың іргесі қаланады. Осы уақытқа дейін инфрақұрылымды дамыту, су, газ, кәріз құбырын тарту, сондай-ақ жобалау шаралары атқарылған.

    «Қазіргі таңда Қонаевта 6 нысан бекітілген кестеге сәйкес салынып жатыр. Бұл жобалар мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттырып, Қонаев қаласының көркін аша түседі», – деді Алматы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жасұлан Оңалбаев. Атап айтқанда, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті құрылымдары мен облыстық сотқа, полиция департаментіне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімшілігіне, облыс әкімдігіне қарасты мекемелерге арналған нысандар мен департаменттер үйі бой көтереді. Одан бөлек, облыс орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, драма театры, «Қонаев-Арена» көпфункционалды кешені, 600 орынды кітапханамен қамтылған Оқушылар сарайы, зертханасы бар музей салынады деп жоспарланған. Бұл өңір экономикасына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады. Осылайша, Қонаев әкімшілік-іскерлік басқару орталығына әрі мәдениет пен руханият ошағына айналады.

    Гүлзат БАЙҚОНЫС

     

    1 of 4
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    Соңғы жаңалықтар

    БОЗ КІЛЕМДЕГІ БЕЛДЕСУ
    29.04.2026
    Сот ғимараты бой көтереді
    29.04.2026
    ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
    29.04.2026
    Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады
    29.04.2026
    Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді
    29.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>