Тұтынушылардық құқықтарын қорғау саласы бойынша:
Есепті кезеңнің нәтижелері азаматтардан түскен өтініштер санының айтарлықтай өскенін ғана емес, сонымен қатар тұтынушылар құқықтарының бұзылуы мен жекелеген кәсіпкерлік субъектілерінің адал емес әрекеттеріне байланысты тауарлар мен қызметтер нарығында тұрақты мәселелердің бар екенін көрсетеді.
2026 жылдың I тоқсанында Департаментке 1313 өтініш келіп түсті, 2025 жылдың 1 тоқсандық есебімен салыстырып қарасақ (592 өтініш) тіркеліп, қаралған, яғни 2 еседен астам жоғары.
Атап айтқанда жыл басынан бастап жекелеген салалар бойынша, электрондық сауда, тұрмыстық қызметтер, білім беру, коммуналдық қызметтер, медициналық қызметтер және өзге де қызметтер санаттарында өтініштер санының айтарлықтай өсуі байқалады.
Бұл өсім азаматтардың өз құқықтарын белсенді түрде қорғауға көшкенін және бизнес тарапынан болатын бұзушылықтарға енді төзбейтінін көрсетеді.
Әрбір өтініш қатаң бақылауға алынған. Барлық фактілер бойынша заңнама шеңберінде нақты шаралар қабылдануда.
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша:
25 жоспардан тыс тексеру жүргізілді;
жалпы сомасы 684 762 теңге айыппұл салынған әкімшілік хаттамалар толтырылды;
тұтынушыларға 13 281 000 теңгеден астам қаражат қайтарылды.
Бұл – Департамент жұмысының нақты нәтижесі және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы шаралардың тиімділігін көрсетеді.
Сонымен қатар, даулардың едәуір бөлігі сотқа дейінгі тәртіпте реттелгенін атап өтемін, бұл азаматтарға өз құқықтарын сотқа жүгінбей-ақ жедел қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Департаменттің жұмысы тек анықталған бұзушылықтарға әрекет етумен шектелмейді, сонымен қатар олардың алдын алуға да бағытталған.
Азаматтардың қаржылық шығындары, қызмет көрсету сапасы және сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады.
Анықталған бұзушылықтар жекелеген кәсіпкерлік субъектілері тарапынан заңнаманың сақталуын одан әрі күшейту қажеттігін көрсетеді.
Департамент ұстанымы қатаң және принципті:
тұтынушылар құқықтарының әрбір бұзылуы қаралады, ал кінәлі тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
Дина Әділханқызы
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің
Алматы облысы бойынша сауда және
тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы
