⛅
28°C
Қонаев
Дүйсенбі, Мамыр 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында белбеу күресінен ел чемпиондары анықталды

    18.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Алматы облысында белбеу күресінен ел чемпиондары анықталды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Іле ауданында 2006–2008 жылы туған жасөспірімдер арасында белбеу күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Ауқымды жарысқа еліміздің әр өңірінен келген үздік жас балуандар қатысып, бұл дода жасөспірімдер арасындағы алдағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасын жасақтауда маңызды кезеңдердің бірі болды.

    Белбеу күресі – қазақ халқының ұлттық дәстүріне негізделген белдесу спортының бір түрі. Бұл спорттың басты ерекшелігі – қарсыластың белбеуінен үздіксіз ұстап күресу. Сондықтан спортшылардан тек күш қана емес, жоғары үйлесімділік, шеберлік, жылдам реакция және тактикалық ойлау талап етіледі. Бүгінде белбеу күресі Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де қарқынды дамып, ұлттық мұра мен заманауи спорттық бағытты ұштастырып келеді.

    Жарыс еркін және классикалық стильдер бойынша өтті. Бұл екі стильдің басты айырмашылығы – аяқпен жұмыс істеу техникасында. Еркін стильде спортшыларға аяқпен іліп шалу, қағу және өзге де әдістер жасауға рұқсат етіледі, сондықтан белдесулер өте тартысты әрі динамикалы өтеді. Ал классикалық стильде негізгі басымдық дене мен қол арқылы орындалатын лақтыру әдістеріне беріледі. Қыздар арасында чемпионат тек еркін стиль бойынша ұйымдастырылды, себебі дәл осы бағыт халықаралық тәжірибеде және ресми ережелерде кеңінен қолданылады.

    «Дәл осы 18–20 жас аралығында ел құрамасының болашақ резерві қалыптасады. Мұндай жарыстар спортшыларға маңызды тәжірибе жинақтап, халықаралық деңгейдегі бәсекелерге дайындалуға мүмкіндік береді. Алматы облысы соңғы жылдары белбеу күресін дамыту бойынша алдыңғы қатардағы өңірлердің бірі саналады. Облыс спортшылары республикалық жарыстарда тұрақты түрде жүлделі орындарға ие болып келеді, сондай-ақ ұлттық күрес түрлерімен айналысушылар саны жыл сайын артып отыр», – деді Алматы облысының жасөспірімдер арасындағы белбеу күресінен аға жаттықтырушысы Жәнібек Сұлтан.

    Екі күнге созылған жарыс барысында спортшылар жоғары дайындық деңгейін, күш-жігерін, төзімділігі мен тактикалық шеберлігін көрсетті.

    Ұлдар арасындағы классикалық стильде 100 келі салмақ дәрежесінде Алматы облысының өкілі Эмир Тажмұхамедұлы чемпион атанды.

    «Мен – Қазақстанның екі дүркін чемпионымын. Алғашқы жеңісімді 2023 жылы кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында жеңіп алдым. Спортпен Іле аудандық спорт мектебінде алты жылдан бері тұрақты түрде айналысып келемін және бірден үш күрес түрін меңгеріп жүрмін. Белбеу күресінен бөлек, дзюдо және қазақ күресі жарыстарына да қатысамын. Бұл чемпионатқа барлық өңірден өте мықты дайындалған спортшылар келді. Әр белдесу өте қиын әрі тартысты өтті. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Ендігі басты мақсатым – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жүлде алу. Жаттықтырушыларымның сенімін ақтау үшін бар күшімді салып дайындаламын», – деді жас спортшы.

    Сондай-ақ ұлдар арасындағы классикалық стильде Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері:

    80 келі – Махамбет Нураддин – 2 орын;

    90 келі – Абзал Алимхан – 3 орын.

    Қыздар арасында жүлдегер атанғандар:

    50 келі – Аяулым Искакова;

    60 келі – Маржан Калмен;

    65 келі – Шұғыла Сұлтан;

    75 келі – Жанерке Жаппар.

    Ал ұлдар арасындағы еркін стильде 65 келі салмақ дәрежесінде Санжар Нұрлыпанов 3 орынды иеленді.

    Tags: белбеу күресікүресұлттық спорт

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында белбеу күресінен ел чемпиондары анықталды
    18.05.2026
    Алматы облысының 37 дәрігері Ресейде біліктілігін арттырды
    18.05.2026
    «Қымызмұрындық-2026» фестивалі былтырғыдан ауқымды өтеді
    18.05.2026
    Қазақстандықтардың басым бөлігі елдің даму бағытын оң бағалайды – сауалнама
    18.05.2026
    Қонаевта бүгін этно-фестиваль өтеді
    18.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>