⛅
26°C
Қонаев
Бейсенбі, Мамыр 21, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында тұрғындар көтерген мәселе шешімін тапты

    AMANAT араласқан соң Алматы облысында тұрғындар көтерген мәселе шешімін таптыПартияның Қоғамдық қабылдауы арқылы заңсыз жер қазу дерегі тоқтатылып, кінәлі тұлғаларға 2,5 млн теңге айыппұл салынды

    21.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Партия
    Алматы облысында тұрғындар көтерген мәселе шешімін тапты
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысында «AMANAT» партиясының Қоғамдық қабылдауына жүгінген тұрғындардың мәселесі нақты шешімін тапты. Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылдық округінде тұрғын үйлерге жақын маңда заңсыз жер қазып, қара топырақ сату дерегі анықталып, партияның араласуымен тиісті мемлекеттік органдар жедел әрекет етті.

    Партия филиалына жүгінген Гүлбану Асқарованың айтуынша, тұрғындар бұл мәселені жергілікті деңгейде бірнеше рет көтерген. Алайда заңсыз жұмыс тоқтамаған. Арнайы техникамен жер қазылып, жүк көліктері қара топырақты тасымалдауды жалғастырған. Салдарынан жақын маңдағы тұрғындар шу, шаң-тозаң және экологиялық қолайсыздыққа тап болған.

    «Бұл мәселені өзіміз бірнеше рет көтердік. Әкімдікке де, учаскелік полицияға да, экология өкілдеріне де жүгіндік. Бірақ нақты нәтиже болмады. Сол себепті AMANAT партиясының Қоғамдық қабылдауына жүгіндік. Партия өкілдері мәселені бірден назарға алып, жауапты органдармен байланыс орнатты. Нәтижесінде заңсыз жұмыс тоқтап, нақты шара қабылданды. Тұрғындардың үні ескерусіз қалған жоқ», – деді Гүлбану Асқарова.

    Тұрғындардың шағымынан кейін «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы мәселені бақылауға алып, жауапты мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты үйлестірді. Партия өкілдерінің бастамасымен оқиға орнына шығу ұйымдастырылып, жер учаскесінде заңсыз қазу жұмыстары жүргізілгені анықталды.

    Тексеру барысында жалпы аумағы 13 гектар жердің шамамен 7 гектары игерілгені белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 70 жүк көлігімен топырақ шығарылып, әрқайсысы шамамен 90 мың теңгеден сатылған.

    Партияның араласуынан кейін кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 2,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, учаскелік полиция инспекторына аталған аумақты күнделікті бақылауда ұстау тапсырылды.

    «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Тимур Нүкебаевтың айтуынша, партия үшін тұрғындардың нақты мәселесін соңына дейін жеткізу – басты қағидаттардың бірі.

    «Қоғамдық қабылдау – халықтың мұң-мұқтажын тыңдайтын ғана емес, оның нақты шешілуіне ықпал ететін алаң. Бұл жолы да тұрғындардың шағымы қағаз жүзінде қалған жоқ. Партия мәселені бақылауға алып, жауапты органдарды жұмылдырды. Нәтижесінде заңсыз әрекет тоқтатылып, кінәлілер жауапқа тартылды. AMANAT үшін ең маңыздысы – азаматтардың өтініші нақты нәтижеге айналуы» – деді Тимур Нүкебаев.

    Қазіргі уақытта аталған аумақта бақылау күшейтілді. Заңсыз жер қазу жұмыстарының қайта жалғасуына жол бермеу үшін жауапты органдарға нақты тапсырмалар берілді. Мәселе «AMANAT» партиясының бақылауында қала береді.

    Соңғы жаңалықтар

    Қарасай ауданында «Samruk Alaman» облыстық волейбол турнирі өтті
    21.05.2026
    Қазақстанда жылына 10 млн тонна мұнай өңдейтін ірі зауыт салуға дайындық басталды
    21.05.2026
    «Кең Дала – 2»: Алматы облысында 10 агроөнеркәсіптік жобаға 3 млрд теңге бөлінді
    21.05.2026
    Алматы облысында Құрбан айтқа дайындық барысы пысықталды
    21.05.2026
    Алматы облысында тұрғындар көтерген мәселе шешімін тапты
    21.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>