☀️
18°C
Қонаев
Бейсенбі, Мамыр 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Ауыл шаруашылығы

    Балық шаруашылығы жанданады

    14.05.2026
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Балық шаруашылығы жанданады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жамбыл ауданының Шолаққарғалы ауылдық округіне қарасты Қасымбек ауылының маңында «Kargaly fish» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балық шаруашылығы іске қосылды. Саладағы ірі инвестициялық жоба аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды қадам саналады.

    Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, экология басқармаларының басшылары мен жауапты мамандары, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Азамат Сұлтанов, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Аян Нұрпейісов қатысты.
    Шараға жиналған көпшілікті облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы жаңа өндіріс орнының ашылуымен құттықтап, облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде балық шаруашылығы перспективалы бағыттардың бірі екенін атап өтті. Айтуынша, бұл сала соңғы жылдары тұрақты өсім көрсетуде. Үкімет қаулысымен бекітілген 2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында облыста тауарлы балық өндірісін ұлғайту және инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қазір облыста 53 шаруашылық субъектісі тауарлы балық өсірумен айналысады, олардың жалпы өндірістік қуаттылығы 10,9 мың тонна. Саланың инвестициялық тартымдылығы артып келеді. Өткен жылы облыста 5,8 мың тонна тауарлы балық өндіріліп, 2024 жылмен салыстырғанда өсім 22%-ды құраған.

    Бұдан әрі облыс әкімінің орынбасары биыл 1 қаңтардан бастап акваөсіру саласында мемлекеттік қолдаудың жаңадан қандай тетіктері енгізілгенін түсіндіріп, бүгін іске қосылған жаңа балық шаруашылығы кешені өңірде акваөсіру саласының қарқынды дамып келе жатқанының нақты көрінісі екенін жеткізді. Бұл жоба өңір экономикасын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және отандық балық өнімдерінің көлемін арттыруға өз үлесін қосатынына сенім білдірді.
    Шолаққарғалы ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы Серік Қапасұлы игі іске бата беріп, жаңа нысанның лентасы қиылды. Әжелер шашу шашып, құрметті қонақтар цехтың ішін аралап көрді. Кәсіпорынның жұмысымен «Kargaly fish» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Дәулет Жарасбаев таныстырды. Заманауи балық фермасының құрылысы сәтімен аяқталған. Мұнда тұйық сумен жабдықтау қондырғысын пайдалану арқылы ханбалық (форель) және бекіре тұқымдас балықтар өсіріледі. Жобаның жалпы құны – 450 млн теңге. Өндірістік қуаттылығы жылына 200 тоннаға дейін тауарлы балық өндіруге және 2 млн данаға дейін балық отырғызу материалын өсіруге мүмкіндік береді. Инвестор ретінде «ТехноСнаб 2002» ЖШС қатысуда, ал жобаны басқарушы компания – «Kargaly Fish» ЖШС. Жобаны іске асыру нәтижесінде 15 жаңа жұмыс орны ашылды. Өндірілген өнім ішкі нарыққа өткізілетін болады. Заманауи технологиямен жабдықталған кәсіпорын саланы дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға өз үлесін қосады.
    Кәсіпорын басшысы болашақта мұнда өңдеу өнеркәсібін ашу жоспарда бар екенін айтты. Яғни балықты өсіріп қана қоймай, оны қалбырлау ісі де жүзеге асырылмақ. Бұл балық шаруашылығы саласы да алдағы уақытта облыс экономикасының маңызды драйверлерінің біріне айналады деген сенім ұялатады.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Тәжірибе мен тағылым
    14.05.2026
    Қаламгерлер сыр шертті
    14.05.2026
    Балық шаруашылығы жанданады
    14.05.2026
    Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды
    13.05.2026
    Көлік кілтін табыстады
    13.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>