Кітапхана – уақыт пен кеңістіктің шекарасын жойып адамзат баласының ғасырлар бойы жинаған ақыл-ой маржанын ардақтап, келешекке аманаттайтын киелі шаңырақ. Бүгінде Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасы тек білім ордасы ғана емес,өңірдің рухани тынысын айқындайтын, ұлттық құндылықтар мен цифрлық дәуірді шебер сабақтастырған заманауи мәдениет хабынаайналды.
Тұлғалар тағылымы және дәстүр сабақтастығы
Өтіп бара жатқан жыл облыс кітапханалары үшін берекелі белес, мерекелі кезең болды. Рухани жаңғыру жолында хакім Абайдың 180 жылдығынаорай ұйымдастырылған «Абайға хат жазыңыз»жобасы оқырман жүрегіне ізгілік сәулесін сепсе, Бақыт Беделхан мен Нұрдәулет Ақыштың мерейтойлары аясындағы шығармашылық байқаулар сөз өнерінің мәртебесін асырды. Сондай-ақ, «Ана тілі» газетінің 35 жылдығына арналған эссе додалары тіл жанашырларын бір арнаға тоғыстырып, ойлы оқырманның өрісін кеңейтті.
Цифрландыру – болашаққа бастар даңғыл жол
Заман көшінен қалмай, оқырманға жайлы әрі интеллектуалды орта қалыптастыру – біздің басты миссиямыз. Президентіміз биылғы жылды цифрландыру кезеңі ретінде айқындап, технологиялық серпіліске баса назар аударғаны белгілі. Осы бағытта облыс кітапханаларыинновациялық дамудың даңғыл жолына түсті:
Халықаралық мінбер және жас мамандар әлеуеті
Кітапхана беделі оның халықаралық байланыстарымен де айшықталады. Астанада өткен IFLA WILC – 2025 конгресі мен Түркістандағы «Жас серпін – 2025» форумы біздің мамандар үшін үлкен тәжірибе алаңы болды. Жаңа технологияларды меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу жас буын – кітапхана ісінің ертеңгі кепілі.
2026 жыл: Жаңа белес, жаңа стратегия
Алматы облыстық кітапханасы 2026 жылға айқын мақсат, нық қадаммен аяқ басып отыр. Біздің басты меже – облыс кітапханаларының біртұтас брендбугін қалыптастыру. Бұл тек сыртқы визуальды кескін емес, қызмет көрсету сапасы мен кәсіби этиканың жаңа стандарты болмақ.
Алда бізді Оңтүстік Кореяда өтетін IFLA WILC 2026 халықаралық конгресі күтіп тұр. Әлемдік деңгейдегі тәжірибе алмасу – біздің кітапханашылардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп, инновациялық идеяларды еліміздің игілігіне жаратуға жол ашады.
Кітапхана — білім мен мәдениеттің, рухани және интеллектуалды дамудың қайнар көзі. Ол оқырмандарға тек кітап оқып қана қоймай, түрлі танымдық, тәрбиелік және шығармашылық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді. Мұнда өткізілген дөңгелек үстелдер, көрмелер, викториналар мен шаралар оқырмандардың ой-өрісін кеңейтеді, адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады және қоғамда білім мен мәдениетке деген қызығушылықты арттырады. Сонымен қатар, кітапхана әрбір адам үшін білім мен тәжірибе алмасудың, шығармашылық қабілетін дамыту мен рухани байлыққа қол жеткізудің маңызды ортасы болып табылады.
ӘЛИЯ БОРАНБАЙ
Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының кітапханаларды
дамыту және қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкері
