Алматы облысы Алатау қаласының Еңбек және Заречный шағын аудандарында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдан бастап республика көлемінде «Таза Қазақстан» тұрақты экологиялық бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға және елді мекендерді көркейтуге бағытталған.
Іс-шара барысында 43 көше қамтылып, жұмыстар 5 бағыт бойынша ұйымдастырылды. Сенбілікке 190 адам қатысып, 43 тонна қоқыс шығарылды.
Тазалық жұмыстарына қала тұрғындары, еріктілер, жастар және мекеме қызметкерлері қатысты. Қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, табиғи келбетін сақтау бағытында бірлескен жұмыстар атқарды.



