☀️
20°C
Қонаев
Бейсенбі, Мамыр 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қаламгерлер сыр шертті

    14.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Қаламгерлер сыр шертті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қонаев қаласындағы Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектепте «Ақын, сазгер және кітапхана» атты әдеби-сазды кеш өтті. Рухани шараға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмар, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Ержан Тоқтар, Қонаев қалалық білім бөлімінің бас маманы Айдана Аманжол және жергілікті қаламгерлер қатысты.

    Кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітапханашылар мен қалам­герлер арасында байланыс орнату мақсатындағы шараны ашқан Ержан Тоқтар мен Айдана Аманжол жиналғандарға Ұлттық кітап күнінің маңызын айтып, аталған №4 білім ордасының мұғалімі, сазгер Жанатбек Рақымжанұлының жергілікті ақындардың сөзіне жазылған «Қапшағай толқындары-2» атты балаларға арналған ән жинағының тұсаукесер рәсімін жасады.
    Кеш барысында Төлеужан Нүсіпжан­ұлы кітап оқудан жалықпауға үндесе, ақын Берік Байылов өзін кітап оқуға және өнерге баулыған ұстазы Гүлстан апайын әлі күнге дейін есінен шығармайтынын айтты. Сонымен қатар қазақ журналистикасының қайраткері, жазушы Зарыққан Есілбаев 1992 жылы 17 қаңтарда Балқаш аудандық газетінде қызмет атқарып жүрген кезінде Дінмұхамед Қонаевпен емен-жарқын әңгімелесіп, сұхбат құрып, қолтаңба алғаны жайлы әңгімелеп берді. 80 жылдық мерейтойында ұлы адамнан сұхбат алған сәтте төбесі көкке жеткендей болып, шексіз қуанышқа бөленіп, кеудесін мақтаныш сезімі кернегенін тебірене жеткізді.
    – «Ақкөл көтерілісінің ақиқаты» атты кітабымды 30 жыл бойы жазуыма тура келді. Көнекөз қария­лармен сұхбаттасып, Ақкөл көтерілісі жайлы зерттеу жұмысын жүргізе бастаған тұста газетке мақала жариялаған едім. Сол кезде «үш әріптің» қызметкері келіп, аталған көтеріліс туралы айтуға да, жазуға да болмайтынын ескертіп, ол жайында ешкімге тіс жармайтыным жөнінде қолхат жаздырып алды. Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін зерттеуімді әрі қарай жалғастырдым. Бұл кітапты жазып шығу өте қиын болды. Көтерілісшілердің және аштықтың тауқыметін тартқан ата-әжелеріміздің тағдыры жайлы қалам тербеген кезде көзімнен жас тамып отырды. Сонымен бірге «Іле-Балқаштың тұңғыш болысы» кітабын жазу үшін екі жылға жуық архивте тапжылмай отырып дерек жинадым. Жалпы, менің кітаптарымның көпшілігі архив материалдарына сүйеніп жазылған, – деген Зарыққан Әбілқасымұлы аталған екі кітабын білім ордасының кітапханасына табыс етті.
    Ақын Бижамал Тұрсынқызы поэзияның құдіреті жайлы сөз қозғады. Өлең арқылы қала басшыларына сөзін өткізгенін мысалға келтірді. Одан кейін ақын Ізтілеу Тойшыбайұлы өзінің де әуесқой спортшы әрі жанкүйер екенін айта келе, бірнеше кітабын мектеп ұжымына сыйлады.
    Ақын Алтыншаш Жақиянова шабыт кез келген уақытта келетіндіктен әрдайым қағаз-қаламын дайындап жүретінін, өйткені сол сәтте жазып алмаса, кейін ұмытып қалатынын тілге тиек етті. Өскелең ұрпақ үшін 20-дан астам кітап шығарғанын, көз майын тауысып жазған сол шығармаларды осы мектептің оқушыларының да оқитынына сенімді екенін жеткізді.
    Ақын-жазушылар мен оқушылар арасындағы сұрақ-жауаптан кейін «Қаламгер қазынасы» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Бұл көрмеде кеш қонақтарының шығар­малары қойылған.
    Сахнада әр мектептен келген оқушылар шараға қатысушы ақындар­дың өлеңдерін жатқа оқығаннан соң, ақын Ізтілеу Тойшыбайұлының ақ батасымен рухани кеш өз мәресіне жетті.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Соңғы жаңалықтар

    Ауқымды тазалық шаралары өтті
    14.05.2026
    Тәжірибе мен тағылым
    14.05.2026
    Қаламгерлер сыр шертті
    14.05.2026
    Балық шаруашылығы жанданады
    14.05.2026
    Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды
    13.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>