⛅
27°C
Қонаев
Бейсенбі, Мамыр 21, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қарасай ауданында «Samruk Alaman» облыстық волейбол турнирі өтті

    21.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Қарасай ауданында «Samruk Alaman» облыстық волейбол турнирі өтті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қарасай ауданында «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының 10 жылдығына арналған «Samruk Alaman» облыстық жасөспірімдер волейбол турнирі өтті. Таңсәріден бастап «Әйтей» спорт кешені жанкүйерлердің қызу қолдауына, спортшылардың жігеріне және тартысты ойындардың ерекше атмосферасына бөленді. Жарысқа Алматы облысының аудандарынан келген 2009–2010 жылы туған ұлдар мен қыздардан құралған 14 команда қатысты.

    Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне құрметті қонақтар мен спорт саласының өкілдері қатысты.

    «Елімізде спортты дамытуға және маңызды бастамаларды қолдауға қосып отырған зор үлесі үшін «Samruk Kazyna Trust» корпоративтік қорына алғысымды білдіремін. Осындай турнирлер бұқаралық спортты дамытуда және жас таланттарды анықтауда үлкен рөл атқарады. Мұндай жобалардың арқасында балалар мен жастар заманауи жағдайда жарысып, тәжірибе жинап, жоғары нәтижелерге ұмтылуға мүмкіндік алады» – деді Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт инфрақұрылымын, ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы Дулатбек Құсбеков.

    Алматы облысындағы турнир еліміздің 12 өңірінде өтіп жатқан және «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қолдауымен салынған 19 спорт нысанын қамтитын республикалық «Samruk Alaman» жобасының бір бөлігіне айналды.

    «Біз үшін спорт нысандарының спортты сүйген жандарға толы болуы, мұнда күн сайын балалар мен жастардың жаттығуы маңызды. «Samruk Alaman» турнирі бұл кешендердің өңір тұрғындарының игілігі үшін қызмет етіп жатқанын көрсетеді. Жоба аясында шамамен 1000 жас спортшы үстел теннисі, дзюдо, волейбол, футбол және футзал сынды спорт түрлерінен бақ сынайды. Сонымен қатар, соңғы 10 жылда қор 434 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. Оның ішінде жыл сайын 750 мыңнан астам адам келетін заманауи спорт кешендерінің құрылысы бар» – деді «Samruk Kazyna Trust» корпоративтік қоры бас директорының орынбасары Аман Төрегелдин.

    Алматы облысы Қарасай ауданындағы «Әйтей» спорт кешені де «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен салынған. Қазақстандағы алғашқы ауа тіреуіш спорт нысаны 2020 жылы пайдалануға беріліп, өңірдегі заманауи спорт инфрақұрылымын дамытудың сәтті үлгілерінің біріне айналды. Бүгін мұнда Алматы облысының әр өңірінен келген 16–17 жастағы волейболшылар бас қосты. Бірі үшін бұл алғашқы ірі жарыс болса, енді бірі өз мықтылығын дәлелдеуге мүмкіндік алды. Барлығын біріктірген ортақ мақсат – жеңіске жету және үлкен спорттың атмосферасын сезіну болды.

    «Бұл турнир біз үшін өте маңызды болды. Мұнда облыстың ең мықты командалары жиналды және әр ойын өте тартысты өтті. Осындай заманауи спорт кешенінде ойнап, жанкүйерлердің қолдауын сезіну ерекше әсер сыйлайды» – деді жарыс қатысушысы Айбар Мұрат.

    Турнир талантты жастарды адал бәсеке мен командалық бірлік аясында тоғыстырған нағыз спорт мерекесіне айналды.

    Жасөспірім ұлдар арасында:

    1 орын – Іле ауданы

    2 орын – Райымбек ауданы

    3 орын – Қарасай ауданы «Үшқоңыр»

    Жасөспірім қыздар арасында:

    1 орын- Қонаев қаласы

    2 орын- Іле ауданы

    3 орын – Еңбекшіқазақ ауданына бұйырды.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Samruk Alaman» кубоктарымен, медальдармен, грамоталармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

    Соңғы жаңалықтар

    Қарасай ауданында «Samruk Alaman» облыстық волейбол турнирі өтті
    21.05.2026
    Қазақстанда жылына 10 млн тонна мұнай өңдейтін ірі зауыт салуға дайындық басталды
    21.05.2026
    «Кең Дала – 2»: Алматы облысында 10 агроөнеркәсіптік жобаға 3 млрд теңге бөлінді
    21.05.2026
    Алматы облысында Құрбан айтқа дайындық барысы пысықталды
    21.05.2026
    Алматы облысында тұрғындар көтерген мәселе шешімін тапты
    21.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>