⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Мамыр 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Ауыл шаруашылығы

    Қазақстан ДЖДҰ-ның 93-ші Бас сессиясында аусылдан таза ел мәртебесін алды

    22.05.2026
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Қазақстан ДЖДҰ-ның 93-ші Бас сессиясында аусылдан таза ел мәртебесін алды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Париж қаласында өткен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (WOAH) 93-ші Бас сессиясында ұйымға мүше 183 елдің делегаттары Қазақстанға аусылға қарсы вакцинацияланған таза аймақ мәртебесін беру туралы шешім қабылдады. Ресми сертификат бүгін Қазақстан делегациясына табысталды. Осылайша, WOAH халықаралық стандарттарына сәйкес, енді еліміздің бүкіл аумағы аусыл ауруынан таза деп танылды. Шығыс және Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстан ғана осындай мәртебеге ие.

    Бұл 2024 жылдан бері ел үкіметі жүргізіп келе жатқан ауқымды әрі жүйелі жұмыстың нәтижесі. Мемлекеттің ветеринариялық жүйесін даярлау және бағалау аясында эпизоотиялық ахуалды тұрақты сақтау, ветеринариялық бақылаудың тиімділігін арттыру және биологиялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру мақсатында ветеринариялық-профилактикалық, мониторингтік, ұйымдастырушылық және бақылау шаралары кешенді қолға алынды.

    «Қазақстан халықаралық деңгейде мойындалған эпизоотиялық қауіпсіздік жүйесін дәйекті түрде нығайтып, ұлттық ветеринариялық қауіпсіздіктің деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Бүгінде еліміздің бүкіл аумағы аусылға қарсы вакцинацияланған таза халықаралық аймақтармен қамтылды. Бұл ел үшін үлкен жетістік.

    Сонымен қатар Қазақстан жыл сайын африкалық жылқы обасы мен классикалық шошқа обасы бойынша да қауіпсіз екенін дәлелдеп келеді,  сондай-ақ WOAH талаптарына сәйкес құс тұмауының жоғары патогенді түрі мен африкалық шошқа обасына қатысты өзіндік декларацияларын тұрақты түрде қолдап отыр», – деді Айдарбек Сапаров.

    Министрдің айтуынша, бұл мәртебе Қазақстанның халықаралық беделін нығайтып, шетелдік сауда серіктестерінің сенімін арттыруға және отандық мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін кеңейтуге жол ашады.

    Аталға ұйымның 93-ші Бас сессиясы аясында Ауыл шаруашылығы министрі бастаған қазақстандық делегация халықаралық ветеринария саласындағы негізгі мәселелерді талқылауға белсенді қатысты. Әсіресе биологиялық қауіпсіздік, жануарлардың трансшекаралық ауруларына қарсы күрес және ветеринария саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне баса назар аударылды.

    Сессия аясында Айдарбек Сапаров ұйымның Бас директоры Эммануэль Субейранмен кездесті. Ол Қазақстан ветеринариялық қызметті дамытуда, WOAH халықаралық стандарттарын енгізуде және Орталық Азиядағы өңірлік өзара іс-қимылды нығайтуда жүйелі әрі дәйекті тәсіл ұстанып отырғанын атап өтті.

    Эммануэль Субейран ұйымға мүше мемлекеттерге министрлік дөңгелек үстелі мен ұйымның Бас сессиясы аясында Қазақстанның ғылыми-диагностикалық әлеуетті дамыту бағытындағы жұмысын жоғары бағалап, ветеринариялық қызметті жаңғыртудағы оң тәжірибені таныстыруды ұсынды.

    Айта кетейік, Айдарбек Сапаров WOAH министрлік дөңгелек үстелі мен Бас сессиясында сөз сөйлеген Орталық Азия елдері арасындағы жалғыз ауыл шаруашылығы министрі болды.

    Соңғы жаңалықтар

    Шелек ауылында қос бірдей думанды шара өтті
    22.05.2026
    Балқаш ауданында спорт кешені ашылды
    22.05.2026
    Әлеуметтік жобалар сапасы талқыланды
    22.05.2026
    Қой қоздап, қорада шу
    22.05.2026
    Қарадалада қарқын алған жобалар
    22.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>