Баршаңызды мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлық мерекеміз Құрбан айт адамзатты ізгілікке, жанашырлыққа, мейірім мен бауырмалдыққа үндейді. Бұл – Алла Тағалаға құлшылық пен мойынсұнудың, ықылас пен тақуалықтың айқын көрінісі. Құрбан шалу арқылы мұсылман баласы Жаратушының разылығына ұмтылып қана қоймай, қоғамдағы мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіп, ағайын арасындағы татулық пен бірлікті нығайтады.
Қасиетті Құранда Алла Тағала «Сондықтан Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал» деп бұйырады («Кәусар» сүресі, 2-аят). Құрбан айт – тек құрбандық шалумен ғана шектелетін мереке емес, ренішті ұмытып, туыстық қатынасты нығайтатын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілетін, мұқтаж жандарға көмек берілетін берекелі мейрам. Осындай ізгі амалдар арқылы қоғамда өзара жанашырлық пен ынтымақ арта түседі.
Осынау қасиетті күндерде шалған құрбандықтарымыз, жасаған дұға-тілектеріміз бен игі амалдарымыз қабыл болғай! Әр шаңыраққа амандық, молшылық, береке мен тыныштық тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз бекем,
Құрбан айт мерекесі баршамызға мүбәрак болсын!
Мадияр қажы ТАҒАЙБАЙҰЛЫ,
Алматы облысының бас имамы
