☀️
16°C
Қонаев
Сенбі, Мамыр 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Өркениет бастауы

    16.05.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Өркениет бастауы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Бүгінде кітапхана ісі заман талабына сай жаңарып, басқару жүйесіне жаңа технологиялар мен әдістер енгізілді. Соның нәтижесінде кітап қорын сақтау, оқырманға қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейге көтерілді. Адами құндылықтарды дәріптейтін жаңа еңбектер оқырманға жол тартып, көпшіліктің ықыласына бөленуде. Электронды кітап қорлары мен ұлттық электронды кітапхананың дамуы кітапқа қолжетімділікті арттырып, білімді тереңдетуге, оқу мәдениетін қалыптастыруға және оқырман қызығушылығын күшейтуге ықпал етіп отыр.

    Осы тұрғыдан келгенде Алматы облыстық әмбебап кітапхана 2019 жылдан бері мемлекеттік тапсырыспен, сыйға тартылған және жергілікті қаржы есебінен алынған жаңа әдебиеттерді «WEB-RABIS» бағдарламасы арқылы электронды каталогқа енгізе бастады. Ал 2023 жылдың наурыз айынан бері «СабИрбис» бағдарламасының «Комплектования» мен «Катологизатор» модульдері іске қосылып, жүйелі түрде оқырманға ұсынылуда. Бұл тәжірибе аудандық кітапхана қызметкерлеріне де үйретіліп, тәжірибе алмасу шаралары нәтижесінде бүкіл облыс көлемінде кітаптар электронды базаға енгізілді.
    «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясындағы ізденістер де өз нәтижесін беріп жатыр. Басылымдар мен ғылыми еңбектерді, мәдени маңызды өлкетану құжаттары мен сирек кездесетін қолжазбаларды сандық форматқа көшіру бағытында белсенді жұмыс атқарылып келеді. Бұл үрдіс ұлттық мұраны жоғалтпай сақтауға, құндылықтарды болашаққа жеткізуге септігін тигізеді.
    Кітапханалық қызметтің жаңа түрінің бірі – QR-код жүйесі. Кез келген смартфон иесі камера арқылы қажетті ақпаратқа лезде қол жеткізе алады. Бұл оқырман үшін уақытты үнемдеп, дерекке тез әрі нақты жол табудың тиімді тәсілі болып отыр. Соңғы жылдары ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы тарапынан электронды мемлекеттік кітапхана қоры жасақталып, ақпараттық теңсіздікті төмендетуге бағытталған ауқымды жұмыс қолға алынуда. Қазақстандық ұлттық электронды кітапхана қорының толықтырылуы кітапхана ісінің жаңа серпін алуына ықпал етті. Бүгінде облыс кітапханалары сирек әрі құнды кітаптармен толықтырылып, кез келген оқырман KazNEB порталы арқылы kazneb.kz сілтемесіне кіріп, интернет арқылы электронды каталогтарды пайдалана алады. Бұдан өзге құжаттардың көшірмесін тапсырыс беріп немесе толық мәтінін оқуға мүмкіндік бар.
    Кітапхана – ұлттық рухтың айнасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа аманатталған құндылықтарды, тарих пен мәдениетті, әдебиет пен салт-дәстүрді сақтап, кейінгі буынға жеткізетін алтын қазына. Сондықтан да кітапхананы жаңғырту, оны инновациялық деңгейде дамыту – үлкен жауапкершілік. Әлемдік кітапхана ісінің үздік тәжірибесін пайдаланып, заманауи инновациялық жобаларды енгізу арқылы ғана Қазақстан кітапханалары халықаралық деңгейде мойындалған мәдени-ағартушылық орталыққа айнала алады.

    Мақпал АНДАС,
    Алматы облыстық орталық әмбебап
    кітапханасының қызметкері

    Соңғы жаңалықтар

    Ел құрметтеген ел ағасы
    16.05.2026
    Тұлғаларға тағзым
    16.05.2026
    ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
    16.05.2026
    Өркениет бастауы
    16.05.2026
    Ән қанатында
    16.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>