☀️
21°C
Қонаев
Дүйсенбі, Мамыр 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Шаршы алаңда – полицейлер

    18.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Шаршы алаңда – полицейлер
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Талғар ауданында Алматы облысының полиция қызметкерлері арасында бокстан аймақтық жарыс өтті. Құқық қорғау ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыруға бағытталған бұл турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, үздік спортшылардың басын қосты. Жарысқа Алматы облысының аудандық және қалалық басқармасынан 150-ден астам полиция қызметкері және Жетісу облысының өкілдері қатысты.

    Мұндай жарыстар полиция қызмет­кер­лерінің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, сонымен бірге олардың арасындағы өзара ынтымақтастықты да нығайтады. Бұдан басқа, бұл іс-шара қызметкерлердің жауынгерлік дайындығын арттырады және күнделікті жұмыста қажетті дағдыларды дамытуға ықпал етеді.
    Алматы облыстық полиция депар­таменті бастығының орынбасары Әсет Табеев жарыстың маңыздылығына тоқталып, мұндай турнирлердің кәсіби даярлықта ерекше орын алатынын атап өтті.
    – Дене шынықтыру дайындығы полиция қызметкерлері қызметінің ажырамас бөлігі саналады. Бокс рухты көтереді және әркімнің өзіне деген сенімін арттырады. Сонымен қатар жарыс командалық рухты нығайта түседі, тәртіп пен жеке шеберлікті ұдайы жетілдіруге деген ұмтылысты арттырады, – деді ол турнирдің ашылу рәсімінде айтқан құттықтау сөзінде.
    Жарыс 60-тан 90 келіге дейінгі сегіз салмақ дәрежесінде халықаралық бокс ережесіне сәйкес, олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылды. Әр жекпе-жек жоғары қарқынмен өтіп, қатысушылар өз дағдыларын толық көрсетуге тырысты. Әсіресе 70 келі салмақта жеңімпаз атанған Іле ауданының өкілі Мирас Шәріпов ерекше шеберлігімен көзге түсті. Жойқын соққы алмасу кезінде ол өзінің жоғары техникалық дайындығы мен сенімді қорғанысын көрсетті. Соның арқасында барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Сондай-ақ өз салмақ дәрежесінде Мұхаммед Омар, Нұрсұлтан Малов, Дулат Нұрдәулетов, Айбек Меденов, Әбдек Қанатбеков, Айбек Ахметов және Нияз Абдуханиев жеңімпаз атанды. Бұл спортшылар да жарыс кезінде жақсы техникалық және тактикалық дайындығын көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді.
    Жарыс қорытындысы бойынша республикалық чемпионатқа жолдама алған үздік спортшылар анықталды. Енді олар Қарағандыда өтетін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионатында Алматы облысының намысын қорғайтын болады.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Халық сенімі жоғары
    18.05.2026
    Оңалтудың техникалық құралдары
    18.05.2026
    Шаршы алаңда – полицейлер
    18.05.2026
    Алматы облысында белбеу күресінен ел чемпиондары анықталды
    18.05.2026
    «Қымызмұрындық – 2026»: Қарқара жайлауы күтеді
    18.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>