☀️
22°C
Қонаев
Сенбі, Мамыр 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    «Таза Қазақстан» аясында ауқымды сенбілік өтті

    16.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    «Таза Қазақстан» аясында ауқымды сенбілік өтті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Ел Президенті бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Жамбыл ауданында санитарлық тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау және елді мекендерді көгалдандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Аталған бастама аудан тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, туған жердің тазалығын сақтауға және табиғатты аялауға бағытталған маңызды шаралардың біріне айналып отыр.

    Кезекті сенбілік жұмыстары Ұзынағаш ауылындағы Саржан көпірі мен ескі мал базары аумағында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қарағаш тұқымын себу, жол жиегін күл-қоқыстан тазарту және аумақтың санитарлық жағдайын жақсарту жұмыстары жүргізілді.

    Сенбілікке аудан әкімінің орынбасары Ақниет Туматаев, бөлім және мекеме басшылары, мемлекеттік қызметкерлер мен мекеме ұжымдары белсенді қатысты. Қатысушылар ортақ іске жұмылып, ауыл аумағын тазарту мен көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.

    Экологиялық акция аясында аудан бойынша жалпы саны 700 қап қарағаш тұқымы себілсе, оның 200 қабы Ұзынағаш ауылына тиесілі болды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта елді мекендердің жасыл желекпен көмкерілуіне, қоршаған ортаның жақсаруына оң әсерін тигізбек.

    Табиғатты қорғау – тек арнайы мекемелердің ғана емес, барша қоғамның ортақ міндеті. Туған жердің тазалығы мен көркеюіне атсалысу – әр азаматтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі. Осы ретте «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, аудан көлемінде тұрақты түрде өткізілмек.

    Б. Айталы

    Соңғы жаңалықтар

    «Таза Қазақстан» аясында ауқымды сенбілік өтті
    16.05.2026
    Ел құрметтеген ел ағасы
    16.05.2026
    Тұлғаларға тағзым
    16.05.2026
    ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
    16.05.2026
    Өркениет бастауы
    16.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>