Перейти к содержимому
Главная страница » Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

Іле ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Іле ауданының әкімдігі, прокуратура, полиция қызметкерлері, білім бөлімі және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, әдеп нормаларын насихаттау және жасөспірімдер қылмысының алдын алу.

Рейд барысында профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жастар мен тұрғындарға заң талаптарын сақтау жөнінде ақпарат берілді.

Қоғамдық тәртіп – баршамызға ортақ жауапкершілік.

Айта кетейік, аталған іс-шаралар ауданның барлық елді мекендерінде жалғасатын болады.