Перейти к содержимому
Главная страница » Алматы облысында NEET санатындағы жастар қатары азаюда

Алматы облысында NEET санатындағы жастар қатары азаюда

Алматы облысында білім беруде де, еңбекте де жұмыспен қамтылмаған, NEET санатындағыжастардың қатары азаюда. Қазіргі уақытта облыста 430 мыңнан астам жастар тұрады, бұл өңір халқының 28%-ын құрайды. Оның ішінде, ҚР ЕХӘҚМ отбасының цифрлық картасының деректеріне сәйкес, NEET санатындағы жастар саны 17 957 адамды немесе өңір жастарының жалпы санының 4,15%-ын құрайды.

Егер 2023 жылы облыста NEET санатындағы жастар саны 45,9 мың адамды құраса, 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша көрсеткіш 17 957 адамға дейін немесе 4,15%-ға дейін төмендеп, соңғы 3 жылда үш есеге жуық қысқарды.

​ Бұдан басқа, Алматы облысы NEET жастар санының ең көп қысқарған өңірлердің қатарына енді,биылғы жылдың басынан бері көрсеткіш 1,9 мың адамға төмендеді.

​«Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жастармен кешенді жұмысқа ерекше көңіл бөледі. NEET деңгейінің төмендеуі – жастарды жұмысқа орналастыруға, оқытуға, сүйемелдеуге және әлеуметтік бейімдеуге бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Негізгі назар көрсеткіштердің статистикалық төмендеуіне ғана емес, жастарды қолдаудың тұрақты жүйесін қалыптастыруға да аударылады», – деп атап өтті облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Мәди Ахметов. 

​2026 жылдың басынан бері өңірде 3179 жас жұмыспен қамтамасыз етілді. enbek.kz порталыарқылы 791 адам жұмысқа орналасты, тағы 1126 жас субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды. Сонымен қатар, жеке бастамалар аясында 1262 адам өз ісін ашты. «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 283 адам, enbek.kz порталы бойынша 459 адам оқудан өтті. Облыстың тағы 81 жас тұрғыны колледждер мен жұмыспен қамту орталықтары базасында қысқа мерзімді даярлау және қайта даярлау курстарымен қамтылған. 

​Атқарылып жатқан жұмыстың негізгі бір парасы – NEET санатындағы жастарды анықтаудың атаулы жүйесі. Отбасының цифрлық картасының деректері негізінде әрбір ауданда және ауылдық округте жастардың өмірлік жағдайына жеке талдау жүргізіледі, сүйемелдеудің дербес әлеуметтік және еңбек бағыттары қалыптастырылады.

​Жұмыс нүктелік тәсіл қағидаты бойынша анықтау және жеке кеңес беруден бастап кәсіптік бағдарлауға, оқытуға және одан әрі жұмысқа орналасуға дейінгі бағытта құрылған. Жастар бос жұмыс орындары және мемлекеттік қолдау шаралары туралы SMS-хабарлама, сондай-ақ жұмысқа нақты шыққанға дейін толық сүйемелдеу алады.

​Жастарды қолдау жастар ресурстық орталықтарының желісі арқылы да жүзеге асырылады. Онда 6 мыңнан астам адам кеңес алды, оның ішінде 1 мыңы – жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша және 2 мыңы – психологиялық және заңгерлік қолдау бойынша. Бұл тәсіл әлеуметтік осалдық тәуекелдерін уақтылы анықтауға, психологиялық, консультациялық және кәсіби қолдау көрсетуге, сондай-ақ жастарды мемлекеттік жұмыспен қамту және оқыту бағдарламаларына тиімді тартуға мүмкіндік береді.

​Жүргізіліп жатқан жұмыс NEET көрсеткіштерін қысқартуға ғана емес, сонымен қатар жастарды өңірдің экономикалық және қоғамдық өміріне тартудың тұрақты моделін қалыптастыруға бағытталған.

​Алматы облысы жастардың білім алуына, кәсіби дамуына, жұмысқа орналасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына нақты мүмкіндіктер жасай отырып, жастарды қолдау ісін жүйелі жалғастырады.