Перейти к содержимому
Главная страница » Имамдар біліктілігін арттырды

Имамдар біліктілігін арттырды

8–9 маусым күндері Жамбыл ауданы имамдарына арналған «Имамдардың біліктілігін арттыру: тәжірибе және тәсілдер» атты оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты – облыс имамдарының кәсіби біліктілігін арттыру, жамағатпен жұмыс жүргізуде заманауи әдістемелік тәсілдерді қолдану дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ діндар қауым арасында діни экстремистік идеологияның таралуының алдын алу болып табылады.
Семинарда тәжірибелі дәріскерлер мен дін саласының сарапшылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шара барысында имамдар арасында тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, діни саладағы өзекті мәселелер бойынша пікірлер ортаға салынды.