Перейти к содержимому
Главная страница » Заң мен тәртіп — қоғам тұрақтылығының негізі

Заң мен тәртіп — қоғам тұрақтылығының негізі

Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» қағидаты – еліміздегі қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды бағыты. Заңның үстемдігі сақталған жерде тұрақтылық, әділдік және даму болады.

Алатау қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде қоғамдық орындардағы қауіпсіздік күшейтіліп, профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпті құрметтеуі тиіс. Өйткені заңға бағыну – тек міндет қана емес, қоғам алдындағы жауапкершіліктің көрінісі. Қарапайым тәртіп ережелерін сақтау құқық бұзушылықтардың алдын алып, тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне мүмкіндік береді.

Қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылық әр адамның заңға деген құрметінен басталады. Сондықтан заң талаптарын сақтау, өз құқығыңды білу және өзгелердің құқықтарын құрметтеу – өркениетті қоғамның басты белгілерінің бірі.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз әрі дамыған Алатау қаласының берік негізі.

Азимбаева Бақытгүл

Алатау қаласының қоғамдық пікір көшбасшысы