Перейти к содержимому

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫН АШТЫ

  • автор:

Алматы облысында Қазақстан Халық партиясының облыстық сайлауалды штабының салтанатты ашылуы өтті. Осылайша партия өңірдегі сайлау науқанының белсенді кезеңін ресми түрде бастап, алдағы үгіт-насихат жұмыстарының негізгі бағыттарын айқындады.Іс-шараға облыстық сайлауалды штабтың басшылығы, Қазақстан Халық партиясынан сайланған… 

«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды

  • автор:

Бүгін Петропавл қаласында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының «Қазақстанның жаңа конституциялық архитектурасы: өңірлердің көзқарасы» тақырыбындағы отырысы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Іс-шараға жетекші сарапшылар, ғылыми қауымдастық өкілдері, заңгерлер,… 

Жеке құраммен сұхбат өткізіліп, құқықтық тәртіп мәселелері талқыланды

  • автор:

Іс-шараға Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының аға жедел уәкілі, майор Әбдіманапов Нұрлан Қайратұлы қатысып, әскери бөлімнің қызметіне зерделеу жұмыстарын жүргізді. Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, әскери тәртіп пен заңдылықтың… 

«АСАУ–2026»: Батылдық пен әскери шеберлікті ұштастырған ерекше жоба

  • автор:

Қонаев гарнизонының әскери прокуратурасының бастамасымен және Қазақстан Республикасы «АСАУ–2026» әскери-қолданбалы жобасының алғашқы кезеңі жоғары деңгейде өтті. Жобаның басты мақсаты – әскери қызметшілердің жауынгерлік және дене даярлығын жетілдіру, кәсіби шеберлігін шыңдау, әскери бөлімдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту,… 

Қонаев қаласының әкімі «Славян базары» байқауының жеңімпазы Ақерке Амалятты қабылдады

  • автор:

Қонаев қаласының өнері халықаралық аренада биіктен көрінді. Беларусь Республикасының Витебск қаласында 14–20 шілде аралығында өткен «Славян базары – Витебск-2026» халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауында Қонаев қалалық мәдениет үйінің әншісі Ақерке Амалят І орынға ие болды.… 

«Таза Қазақстан»: Іле ауданында 56 тонна қоқыс шығарылды

  • автор:

Іле ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілігі өтті. Тазалық жұмыстарына аудан бойынша 2910 тұрғын қатысып, 24 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 22 гектар аумақ тазартылып, 56 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды. Сенбілік барысында көшелер,… 

«Таза Қазақстан»: Тазалық – тәртіптен!

  • автор:

Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында 30 мыңнан астам тұрғын бар. Кезінде қала типтес етіп салынған бұл елдімекенде көпқабатты тұрғын үйлер көптеп саналады. Халық көп шоғырланған осындай жерлерде айналаның таза болуы аса маңызды. Заң мен тәртіп сақталған… 

«Таза бейсенбі» – туған жерге жанашырлық

  • автор:

2026 жылғы 23 шілдеде Шелек ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялықбағдарламасы аясында дәстүрлі «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл аумағыныңсанитарлық жағдайын жақсарту, қоршағанортаның тазалығын сақтау, тұрғындардыңэкологиялық мәдениетін қалыптастыру жәнетуған жерге деген жауапкершілікті арттыру. «Таза Қазақстан» бағдарламасы – бүгінде ел көлемінде кең қолдау тапқан маңызды экологиялықбастамалардың бірі. Оның аясында өңірлердеқоғамдық орындарды тазалау, ағаш отырғызу, абаттандыру және тұрғындарды қоршаған ортанықорғауға үндеу бағытында түрлі іс-шаралартұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Осындайигі бастама Шелек ауылында да өз жалғасын тауып, ауыл тұрғындары туған жердің көркеюіне үлесқосты. Акция барысында ауылдың орталық көшелерінде, саябақтарда, скверлерде және тұрғындар көпшоғырланатын қоғамдық орындарда санитарлықтазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға қатысушылар жол жиектерін, жаяу жүргіншілержолдарын, демалыс орындарын, қоғамдықорындарды, әлкуметтік нысандар мен мекемелердің айналасын қоқыстан тазартып, ретке келтірді. Сонымен қатар көгалдандырылған аумақтардағыретсіз өскен шөптер шабылып, жиналғантұрмыстық қалдықтар арнайы орындарғашығарылды. Тазалық жұмыстары барысында ауылдыңэстетикалық келбетіне де ерекше назар аударылды. Өйткені таза, әрі күтімді елді мекен – тұрғындардың денсаулығы мен жайлы өмірсүруінің ғана емес, олардың туған жеріне дегенсүйіспеншілігі мен мәдениетінің де көрінісі. Қоғамдық орындардың жинақы, таза болуы ауылғакелген қонақтар үшін де жағымды әсер қалдырып, өңірдің көркеюіне өз ықпалын тигізеді. «Экологиялық акциялар тек бір күндік сенбілікнемесе бейсенбілік тазалық шарасымен шектелмеуітиіс. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әрбіразаматтың күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Көшеге қоқыс тастамау, табиғатты ластамау, жасылжелекті күтіп-баптау, қоғамдық мүлікке ұқыптықарау – үлкен жауапкершілікті талап ететінқарапайым, бірақ маңызды іс. Осындай қарапайымәдеттер арқылы қоғамда экологиялық мәдениетқалыптасады», – дейді ауыл ақсақалы Ә.Айтақынов. Бүгінгі таңда табиғатты қорғау мәселесі бүкіл әлемүшін өзекті болып отыр. Климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, табиғи ресурстардыңазаюы әрбір адамнан табиғатқа жанашырлықпенқарауды талап етеді. Сондықтан «Таза Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты – тек көшелердітазалау ғана емес, қоғамда табиғатқажауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Бұл бағыттағы жұмыстардың ауылдық жерлердежүйелі түрде жүргізілуі тұрғындардыңэкологиялық санасының артуына ықпал етеді. Шелек ауылында өткен «Таза бейсенбі» акциясы да осы игі мақсатқа бағытталды. Мұндай шараларауыл тұрғындарын ортақ іске жұмылдырып, туғанжердің тазалығы мен көркеюіне бірге атсалысуғаүндейді. Себебі ауылдың тазалығы – тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрбіртұрғынның азаматтық жауапкершілігі. Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Мотокөлік жүргізушілеріне рейд жүргізілді

  • автор:

Ауылдық округ тұрғындарының өтініштерінегізінде Еңбекшіқазақ ауданының аудандықполиция басқармасының қызметкерлері эндурожәне электрлі мотоциклдерді пайдаланубарысында орын алатын құқықбұзушылықтардың алдын алу және анықтаумақсатында кезекті рейдтік іс-шара өткізді. Рейд барысында кейбір мотокөлік жүргізушілерініңтүнгі уақытта елді мекен көшелерінде жүріп, тұрғындардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіптібұзғаны анықталды. Сондай-ақ бірқатаржүргізушілердің көлік құралын басқару құқығынрастайтын жүргізуші куәлігі мен мототехникағақатысты құқық белгілейтін құжаттары болмаған. Тексеру нәтижесінде он шақты мотокөлік иесіқолданыстағы заңнама талаптарын бұзғаны үшінәкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал олардыңмототехникасы заң талаптарына сәйкес арнайыайып тұрағына қойылды. Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жәнетұрғындардың тыныштығын бұзатын құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы мұндайрейдтік іс-шаралар аудан аумағында алдағыуақытта да тұрақты түрде жалғасатынынхабарлайды. Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

  • автор:

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруаясында Еңбекшіқазақ ауданыныңпрокуратурасы аудандық Полиция басқармасымен бірлесіп, жол қозғалысықауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйеліжұмыстар жүргізіп келеді. Осы мақсатта жол қозғалысы қағидаларын өрескелбұзу деректерін анықтау, көлік құралдарын маскүйінде басқару фактілерінің алдын алу, сондай-ақжол-көлік оқиғалары жиі орын алатын қауіптіучаскелерді зерделеу бойынша тұрақты түрдепрофилактикалық және рейдтік іс-шараларұйымдастырылып келеді. Соның негізінде қабылданған шаралар оң нәтиже беріп, жол-көлік оқығаларының саны да біршама азайды.  Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері аудан аумағында 222 жол-көлікоқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкескезеңімен салыстырғанда 10,5 пайызға төмендеп отыр.  Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларынан қазатапқандар саны 30-дан 26 адамға дейін, яғни 13,3 пайызға азайса, түрлі дене жарақатын алғандарсаны 463-тен 380 адамға дейін немесе 17,9 пайызғатөмендеген. Аудан прокуратурасы жол қозғалысынақатысушыларды жол қозғалысы қағидаларын қатаңсақтауға, көлік құралын мас күйінде басқармауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жаяужүргіншілердің қауіпсіздігіне ерекше мән беругешақырады. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір азаматтыңжауапкершілігі. Құралай Мұратқызы