Жуырда Ұйғыр ауданының Шарын ауылында нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Есірткіге – жоқ! Заң мен тәртіпті қолдайық!» атты ақпараттық акция ұйымдастырылды. Аталған іс-шара жастар мен тұрғындар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, заңға құрметпен қарауды насихаттау және қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту мақстаныда ұйымдастырылған болатын.
Акция барысында қатысушыларға есірткінің адам денсаулығына, психологиясына және болашағына тигізетін зияны туралы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу, күмәнді жағдайлардан сақ болу сияқты маңызды мәселелер де қамтылды. Мамандар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға және бос уақытты тиімді өткізуге шақырды.
Іс-шара аясында тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратылып, түсіндіру әңгімелері өткізілді. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай акциялардың қоғамда есірткіге қарсы күресті күшейтіп қана қоймай, әрбір азаматтың заң мен тәртіпті сақтауға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.


