Перейти к содержимому
Главная страница » Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес: Үнсіздік — мәселенің шешімі емес

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес: Үнсіздік — мәселенің шешімі емес

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның өзекті мәселесі. Психологиялық қысым, қорқыту, дене жарақатын салу немесе экономикалық шектеулердің барлығы адам құқығын өрескел бұзатын әрекеттер болып саналады.
Соңғы жылдары елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында заңнамалық өзгерістер енгізіліп, жәбірленушілерді қорғау тетіктері күшейтілді. Дағдарыс орталықтарының жұмысы кеңейіп, құқық қорғау органдары мұндай фактілерге жедел әрекет етуге басымдық беруде.
Дегенмен зорлықтың алдын алуда қоғамның да рөлі ерекше. Көрші, туыс немесе таныс адамның қиын жағдайға тап болғанын байқасаңыз, бейжай қарамау маңызды. Себебі дер кезінде көрсетілген көмек бір адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Отбасындағы татулық күшпен емес, өзара құрмет пен түсіністік арқылы қалыптасады. Балаларды зорлықсыз тәрбиелеу, дау-дамайды диалог арқылы шешу және құқықтық сауаттылықты арттыру – қауіпсіз қоғамның басты негіздерінің бірі.
Әрбір адам өзін қауіпсіз сезінетін орта қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ