Жуырда Ұйғыр удандық кітапханасында жеке сот орындаушылары, нотариустар және ауыл тұрғындарының қатысуымен ашық кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесу халықпен тікелей байланыс орнатып, құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталды.
Кездесудің басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сот орындаушылары мен нотариустардың қызметі туралы қарапайым әрі түсінікті ақпарат беру және азаматтардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беру болды. Мұндай кездесулер халыққа заңды дұрыс түсініп, өз құқықтарын қорғауға көмектесері сөзсіз.
Іс-шара барысында жеке сот орындаушылары өз жұмыстары туралы кеңінен айтып берді. Олар сот шешімдерінің қалай орындалатынын, атқарушылық іс жүргізудің қалай жүргізілетінін түсіндірді. Сонымен қатар, заң аясында көрсетілетін қызмет түрлері мен өздерінің негізгі міндеттері туралы мәлімет берді.
Ал нотариустар азаматтарға құжаттарды рәсімдеу, сенімхат беру, мұрагерлік істерді жүргізу, келісімшарттарды куәландыру сияқты қызметтер туралы түсіндіріп өтті. Олар нотариалдық әрекеттердің маңыздылығын атап өтіп, құжаттарды заң талаптарына сай рәсімдеудің маңыздылығын жеткізді.
Кездесу кезінде тұрғындарға күнделікті өмірде жиі кездесетін мәселелер бойынша кеңінен түсініктеме берілді. Атап айтқанда, қарызды өндіру тәртібі, алимент төлеу және оны өндіріп алу жолдары, мүліктік дауларды шешу, сондай-ақ түрлі құжаттарды рәсімдеу мәселелері қозғалды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Мамандар әрбір сұраққа қарапайым тілмен жауап беріп, тұрғындарға пайдалы кеңестер ұсынды. Соның нәтижесінде кездесуге келген азаматтар өз құқықтары мен міндеттері туралы біраз ақпарат алып, көптеген сұрақтарына жауап тапты.
Ашық форматта өткен кездесу еркін пікір алмасу алаңына айналды. Бұл өз кезегінде халық пен құқықтық қызмет көрсететін мамандар арасындағы байланысты нығайтып, өзара сенімді арттыруға оң әсерін тигізді.


